"ОРЫС СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ" УАҚЫТША ҚЫЗМЕТІНЕ КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының
білім бөлімінің №11 орта мектебі» КММ
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:
- Лауазым:Уақытша бастауыш сынып мұғалімі (орыс сыныбында)
- Лауазымдық жалақысы:140000-160000 тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
- Конкурсты өткізу мерзімі: 16.02.2022 жылы сағат 1500
- Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
- Мекеменің мекен-жайы: Тараз қаласы, Ж.Ақылбеков көшесі 2, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №11 орта мектебі» КММ. Анықтама байланыс телефоны: 52-54-71, school1174@mail.ru
Біліктілік талаптары:
Арнаулы-орта (педагогикалық) және жоғары білімі (педагогикалық)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) Уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Құжаттарды қабылдау мерзімі 04.02.2022-11.02.2022жж. аралығы