06
қыркүйек
2019
Ашық есік күні
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні мектебімізде ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» өткізілді. Мұндағы мақсат: ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту арқылы сапалы білім беру жолдарын қарастыру.
Осы іс-шара барысында ата-аналардың тек оқушылардың сынып жетекшілерімен кездесумен ғана шектелмей, мектеп басшысы Бердимбетова Гульбахира Камаловнамен 1-сынып ата-анасы Соколович Ольга Николаевна оқулық бойынша сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, «Ашық есік күні» мектеп психологтарымен кездесу де ата-аналар үшін бауыр еті – баласы жайлы толғандырып жүрген кейбір мәселелердің жауабын тапқан күн болды десек, артық айтпаған болар едік.
«Ашық есік күніне» арнайы келіп, өзекті мәселелерімен бөліскені, ата-аналардың бұл шараға аса қатты мән бергенін аңғартады.
Сөз алған 1 сыныптың ата-аналары осындай мүмкіндік тудырған мектеп әкімшілігіне ризашылығын жеткізді.
Жаңа оқу жылының басталуымен бірге, мектебімізде "Домбыра", " Шахмат" үйірмелерінің ашылғанын естіп, жаңа бастамаға ата-аналар ризашылығын білдірді