15
мамыр
2023
№11 орта мектеп түлегі
«Үлкенге құрмет-кішіге ізет» атты түлекпен кездесу болып өтті. Кездесуге мектебіміздің түлегі Нұрланов Ерлан Керімжанұлы қатысты.Нұрланов Ерлан Керімжанұлы 125 білім беру орталығында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Кездесу барысында түлегіміз жеткен жетістіктерін, бастарынан өткен қызықты сәттері туралы оқушыларға айтып, үлкенге құрмет көрсету керек екенін айтты. Оқушыларды көп кітап оқып, білім алуға шақырды.
