Караулова Нурила Опабековна

Мен Караулова Нурила Опабековна, 1972 жылы 01 наурызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Бірлікүстем ауылыныда дүниеге келдім.
1979 жылы 01 қыркүйегінде Бірлікүстем ауылындағы Чкалов атындағы орта мектебіне бірінші сыныпқа барып, 1989 жылы аталмыш мектепті жақсы үлгеріммен бітіріп шықтым.
Жоғары оқу орнына түсуге еңбек өтілім болмағандықтан, алғашқы еңбек жолымды 1989 жылы қыркүйек айында Чкалов орта мектебінде тәлімгер болып бастадым.
1990-1995 жылдар аралығында Жамбыл педагогикалық институтында филология факультетінің қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітіріп шықтым.
1995 жылы қыркүйек айынан бастап Тараз қаласы Н.К.Крупская атындағы №3 орта мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде жұмысқа қабылдандым.
2001-2002 жылдар аралығында аталмыш мектепте директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқардым.
2002-2011 жылдар аралығында Тараз қаласы №23 орта мектебінің директоры қызметін атқардым.
2011-2022 жылдар аралығында Тараз қаласы М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінің директоры қызметін атқардым.
2022 жылы тамыз айынан бастап Тараз қаласы №11 орта мектебінің директоры лауазымына тағайындалдым.