Мектеп жарғысы » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№11 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-54-71
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-54-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
мамыр
2017

Мектеп жарғысы

"Тараз қаласының әкімдігінің білім бөлімінің № 11 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ЖАРҒЫСЫ
1.Жалпы ережелер
1.1.«Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №11 орта
мектебі» мемлкеттік мекемесі Тараз қаласы әкімдігінің Қазақстан Республикасының Заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізуге байланысты «Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің №11 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі «Мекеме» болып қайта тіркеледі.
1.2.Мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулылары мен үкімдерін, Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы органының шешімін, сондай-ақ осы нормативтік құқықтық актіні басшылыққа алады.
1.3.Мекеменің толық атауы:
- Мемлекеттік тілде: «Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру жән спорт бөлімінің №11 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі.
1.4.Мекеменің орналасқан жері (мекен-жайы): пошталық индексі 080016, Қазақстан
Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ақылбеков көшесі, 2 үй.
1.5.Білім беру ұйымының ұйымдастыру – құқықтық формасы – мемлекеттік мекеме;
типі – мектеп; түрі – жалпы білім беру мекемесі.
1.6.Мекеме шектеусіз мерзімге құрылады.
1.7.Мекеме үздіксіз білім беру жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады, және ҚР бар
азаматтарына мемлекет белгіленген құқық пен жалпыға бірдей міндетті стандарт көлемінде ақысыз орта білім алу мүмкіндігін береді.

2.Заңды мәртебесі
2.1.Мекеме заңды тұлға болып табылады, өзіндік дербес балансы бар, банк
мекемелерінде есептік, корреспонденттік валюталық және басқа да есеп шоттары, елтаңбалық мөрі, өзінің толық атауы жазылған бланкісі бар. Мекеме Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен соң, құрылған болып саналады.
2.2.Мекеме оралымды басқару құқығы негізінде құрылған және мемлекеттік меншік
құқығы субъектісі ретінде меншік иесінің және меншік иесімен өкілеттік берілген жергілікті атқару органдарының қарауында болады.
Тараз қаласы әкімдігі Мекеменің меншік иесі және уәкілетті органы болып
табылады, әрі қарай «Меншік иесі». Құрылтайшы – Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі болып табылады.
2.3.Мекеме өз қызметінің мақсатына жету үшін өз атынан мәміле жасауға, мүліктік
және мүліктік емес құқықтар иеленуге, міндеттер атқаруға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқылы.
2.4.Қайта тіркелу сәтінде мекеменің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
2.5.Мекеменің құрылтайшы келісімінсіз филиалдар мен өкілдіктер құруға құқығы жоқ.
2.6.Мекеме өзінің міндеттемелері бойынша, өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді.
Мекеме қаржы қаражаттары жетпеген жағдайда, оның міндеттері бойынша меншік иесі жауапкершілікте болады. Мекеме меншік иесінің міндеттері бойынша жауап бермейді.
2.7.Егер Мекеме шаруашылық қызметтен пайда тапса, онда меншік иесі берген
оралымды басқарудағы мүлікке төлеттіріп алу, шаруашылық қызметінен түскен пайдаға және осы пайда есебінен алынған төлеттіріп алу салынған соң жүргізіледі.


3.Мекеменің тапысрмалары мен функциялары
3.1. Мекеме тапсырмалары:
1)ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;
2)оқушылардың тиісті МЖБС-да көзделген деңгейден төмен емес білім, машық пен
дағдыларды алуын қамтамасыз ету;
3)оқушыларды мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты деңгейін арттыра
отырып, кәсіптік пәндер бойынша оқыту;
4)жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене бітімі мүмкіндіктерін дамыту,
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау жолымен зердесін байыту;
5)азаматтылық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген
сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қадірлеуге, Конституияға қайшы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу;
6)белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың
қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру;
7)отандық және әдемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу; қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу; мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгерту;
8)қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің жұмыс істеуі;
9)білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;
10)білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету;
11)кәсіби білім бағдарламасын игеруге және кәсіп түрін саналы таңдауға дайын, қоғам өміріне бейім, жоғары мәдениетті, зерделі тұлғаны қалыптастыру;
12)пәндерді тереңдетіп оқыту;
13)негізгі білім беру бағдарламаларын сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;
14)оқу іс-әрекеті барысында дарынды, қабілетті оқушыларды анықтау;
15)оқушыларды мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарты деңгейін арттыра отырып, бағдарлы пәндер оқыту;
16)оқушаларға ерте кәсіби бағдар беру;
17)оқушаларды оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдері мен технологиясы арқылы олардың өзіндік танымдық іс-әрекеті дағдылары мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру;
18)білім беру процесінде отандық және шетелдік педагогикалық озық тәжірибелерді жалпы білім беру үрдісінде кеңінен пайдалану, кәсіптік құзырлылық пен шығармашылық іс-әрекетке ынталандыру;
19)оқушыларға жоғары оқу орындарында оқуын жалғастыруға бағдар беруі.
3.2. Мекеме өз мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін келесі функцияларды атқарады:
1) жарғыға, тәрбие және білім беру жұмыстарын жүргізу құқығы үшін берілген лецензияға сәйкес балаларды тәрбиелеу және оқыту;
2) білім беру – тәрбие үрдісін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жетілдіру;
3) білім берудің мемлекеттік органдары белгіленген стандарттары сақтай отырып, тәжірибе – білім беру жоспарлары мен бағдарламаларын жасау және бекіту;
4) осы Жарғыда көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін материалдық-техникалық база құру, атап айтқанда: тәрбие-білім беру үрдісін қажетті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және жабдықтау, бөлмелерді жабдықтау және тәрбие білім беру мәселелерінің бүкіл шешімін тиімді шешу үшін жағдай жасау;
5) балаларға медициналық-сауықтыру қызмет көрсетуді, олардың тамақтануын, спорттық сауықтырылуын, демалысын ұйымдастыру;
6) тәрбиелеудің алдыңғы қатарлы әдістері мен нысандарын анықтау, зерттеу, қорыту, дайындау және енгізу;
7) әдістемелік және кеңес беру қызметін көрсету;
8) педагогикалық кадрлардың біліктілін арттыруға көмектесу, оқу-тәрбиелеу мәселелері бойынша конференциялар, симпозиумдар, көрмелер ұйымдастыру және өткізу;
9) баланың денсаулығы туралы қамқорлық, дұрыс дене дамуын қамтамасыз ету және бала денсаулығын гигиена талаптарына сәйкес барлық жағдайды ұйымдастыру жолымен шынықтыру, дұрыс тамақтануды, ауаны, суды және күнді дұрыс пайдалануды жүргізу, ойындар мен дене жаттығуларын жүргізу, сонымен қатар аурудың алдын-ала бойынша шаралар жүргізу;
10) өзін-өзі қарау кезінде балалардың дербестік дағдысын, тазалық дағдысын, еңбектену әдетін, заттарды дұрыс қолдануды, оларды ұқыпты және құнттап ұстауға үйрету;
11) балаларды тәртіпке үйрету, оларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, балалар мен үлкен кісілер арасында дұрыс ұстауын, үлкендерді сыйлауға, ата-аналарын сүюге үйрету;
12) балалар түсіне алатын туған жерінің табиғат байлықтарын, халық шығармашылығын, ел өміріндегі әйгілі оқиғаларды қолдана отырып, Отанды, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу;
13) баланың ақыл-ой қабілетін, сөйлеуін еркін, мінез-құлқын дамыту, эстетикалық тәрбиесін іске асыру, балалардың табиғатпен танысу, адамдармен әңгімелесуі, түрлі ойындар мен жаттығулар (сүрет салу, әңгіме айту, оқу музыка, ән салу) өткізу, сонымен қатар экскурсилар мен серуендер арқылы қоршаған ортамен таныстыру;
14) тазалық дағдысын, еңбектену әдетін, заттарды дұрыс қолдануды, олардың ұқыпты және құнттап ұстауға үйрету.
3.3.Мекеме Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мен осы Жарғыда анықталған шекте оқыту мен тәрбиелеу нысандарын, құралдары мен әдістерін өз қалауынша таңдап алады.
3.4.Мекеме қызметі қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі бекіткен мемлкеттік стандарттарға, оқу жоспарларына және бағдарламаларына, сонымен қатар білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде мекеменің өзімен жасалған және құрылтайшымен бекітілген жоспарлар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
3.5.Заң актілерімен белгіленген кейбір қызмет түрлерін Мекеме лицензия негізінде жүзеге асырады.
3.6.Мекеме мемлекеттік мекемені құру мақсатына сәйкес келмейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

4.Білім беру үрдісінің мақсаты, жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларының тізімі
4.1.Білім беру үрдісінің мақасыт болып – жалпыға бірдей білім беру бағдарламысынң мазмұнына сай міндетті минимумды сіңіру негізінде оқушыларды жалпы ғылыми және жалпы мәдени дайындауды, сапалы түрде мамандық таңдай білу негізін беру, Отанын сүюі мен оның лайықты азаматы болуға тәрбиелеу.
4.2.Мекеме келесі білім беру бағдарламаларын іске асырады:
- негізгі жалпы білім беру бағдарламалары;
- қосымша жалпы білім беру бағдарламалары, соның ішінде ақылы.
Отбасында оқыту түрінде 1-11 сыныптарда 18 жасқа дейінгі мектепке өз бетімен келе алмайтын ауру балалар оқытылады.

5.Оқушыларды қабыладу және шығару және оқу үрдісін аяқтау тәртібі
5.1.Мекеменің 1-ші сыныбына 6 жастағы балалар, Мекемеде ұсынылатын пәндерді оқуға дайындығы және оның қабілетін, денсаулығын ескере отырып, қабылданады. Қабылдау ата-аналарының немесе заңды, өкілдерінің жазбаша өтініші, медициналық анықтамасы және туу туралы куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.
5.2.Оқушыларды 1-11 сыныптарға қабылдау арыз бойынша Мекеме директорының бұйрығы негізінде жүргізіледі.
5.3.Жыл сайын білімі мен машықтануы бағдарлама талаптарына сай балалар келесі сыныпқа көшіріледі. Сыныптан сыныпқа көшіру, оқушыларды шығару (екінші сатыдан соң) Мекеме кеңесінің (педкеңес) шешімімен үлгерімі (рейтингтік балл) бойынша жүргізіледі.
5.4.Білім беру дәрежесінің талаптарына сай оқу бағдарламаларын меңгерген оқушылар Мекемені бітіріп шығады.
5.5.Негізгі орта және жалпы орта білім түлектеріне негізгі орта білім алғандығы туралы аттестаттар және жалпы орта білім туралы куәліктер беріледі.
Жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру кезінде ерекше табыстарға жеткен түлектерге үздік үлгідегі құжаттар беріледі.
5.6.Оқушыны Мекемеден шығару келесі жағдайларда жүргізіледі:
- оқушының ата-анасының арызына сәйкес, өз қалау бойынша;
- құқыққа қайшы әрекеттер жасағаны, Жарғыны өрескел және бірнеше рет бұзғаны үшін педагогтік әсер етудің соңғы шарасы ретінде 16-жасқа дейінгі балаларды жалпы білім мектеп кеңесінің (педагогтік кеңестің) шешімі бойынша осы жалпы білім беру мектебінен шығаруға жол беріледі, жетім балаларды және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балаларды шығару туралы шешім қамқорлық және қорғаншылық органдарының келісімімен қабылданады;
- заңнамада көзделген басқа негіздер бойынша.
5.7.Мекемеден оқушыны шығарғандығы туралы Мекеме 3 күндік мерзімде, оны 1 ай аралығында орналастыру мәселесін шешетін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөліміне хабарлайды.
5.8.Оқушыны сыныптан ауыстыру, шығару үлгерімділік нәтижесі бойынша мектеп кеңесінің (педкеңесінің) шешімі бойынша жүргізіледі.

6.Білім беру үрдісін ұйымдастыру (оның ішінде оқушыларды оқыту тілі (тілдерді) мен тәрбиесі, оқу режимі, орталық аттестациялау), олардың өткізуінің нысандары мен тәртіптері
6.1.Мекемеде оқыту мен тәрбиелеу қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Мекемеде білім беру үрдісі жалпы білім беру бағдарламаларына сай үш кезеңде жүргізіледі:
-1 кезең – бастауыш білім беру (игеруге белігіленген мерзім – 4 жыл);
-2 кезең – негізгі орта білім беру (игеруге белгіленген мерзім – 6 жыл);
-3 кезең – жалпы орта білім беру (игеруге белгіленген мерзім – 2 жыл).
6.2.Мекемеде 5 жастан балалар үшін біржылдық мектеп алдындағы даярлық сыныптары ашылған. Осы сыныптардың негізгі қызметтері: балаларды мектепке дайындау; балалардың денсаулығын нығайту мен қорғау; балалардың интеллектуалды және жеке дамуын қамтамасыз ету, көңіл-күйінің жақсы болуына жағдай жасау; қажет болған жағдайда балалардың дамуының ауытқуларын қалпына келтіру; бала жан-жақты толық дамуы үшін отбасымен өзара араласу.
6.3.Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдардарламалары баланың жеке басын қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң талпынысы мен алғырлығын: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Жалпы білім беретін оқу бағдарламасын игеру білім алушылар біліміне аралық бақылаумен және білім алушылардың оқу жетістіктерін іріктемелі мониторингтік бағалаумен аяқталады.
6.4.Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негіздерін меңгеруге, олардың бойында тұлға аралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке адамның өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытталады.
Әрбір пәннің мазмұнын зерделеу негізгі орта білім беру деңгейінде аяқталады.
Жалпы негізгі білім орта білім алудың, бастауыш және орта кәсіби білімнің базасы болып табылады.
6.5.Орта жалпы білім (3 кезең) жалпы пән бойынша білім берудің міндетті және соңғы кезеңі болып табылады. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың бағдарланатын кәсіпке дейінгі даярлығын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отыры саралау, интеграциялау және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
6.6.Жалпы бастауыш және негізгі кезеңде оқитын оқушылар, 1 сыныптан басқасы оқу жылы ішінде, үш немесе одан көп пәндерден бағдарламаны игермесе, қайтадан сыныпта орнында қалдырылады немесе, ата-аналарының қалауы бойынша отбасылық оқу тәрбиесіне ауыстырылады. Бастауыш кезеңде оқитындар 1-2 пән бойынша қарыздар болса, жаз уақытында тапсырмаларды орындап, емтихан тапсырған соң келесі сыныпқа көшіріледі.
6.7.Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушыларды міндетті қорытынды аттесттаумен аяқталады.
Жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды және оқуына бітіретін жылы орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін ұйымдарға оқуға түсуге ниет білдірушілерді қорытынды аттестаттау ұлттық біріңғай тестілеу нысанында жүзеге асырылады.
БҰТ қатысқысы келмеген бітірушілер қорытынды аттестаттау Қағидасына сәйкес, орта мектеп курсына қорытынды аттестаттау тапсыра алады.
Халықаралық олимпиадаларға қатысатын бітірушілер БҰТ босатылады.
Қазақстан Республикасының колледждеріне және ЖОО-на түсуші, ерекше үлгідегі аттестатқа және «Алтын белгі» белгісіне, үздік аттестатқа үміткерлер, ғылыми жарыс жүлдегерлері БҰТ тапсыруы міндетті.
БҰТ тапсырған бітірушілерге БҰТ нәтижесі туралы сертификат, орта жалпы білім туралы аттестат беріледі. Мемлекеттік комиссия шешімімен БҰТ шегінде тапсырылған орта жалпы білім беру пәндері бойынша аттестатқа БҰТ алынған баға қойылған.
6.8.Білім беру процесі оқу жоспарының негізінде жасалып, жылдық күнтізбелік оқу графигі және сабақ кестесімен регламенттеледі.
6.9.Оқыту мазмұны бағдарламалармен, оқу жоспарымен жалпы білім беру стандартына сай анықталады. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы атқару органдары базистік оқу жоспарына сай оқулықтар, пәндер бойынша оқыту әдістемелік құралдармен қамтамасыз етеді.
Базистік оқу жоспарының вариативті бөлігіне кіретін оқу пәндері бойынша бағдарламалар мен оқу жоспарын нақты жалпы білім беретін мектептің жеке ерекшелігін ескере отырып өзгертуге мектептің құқығы бар.
6.10.Жапы білім беретін мектептерде сабақ 1 қыркүйекте басталып, 25 мамырда аяқталады. Оқу жылының ұақтығы мектеп алдындағы сыныптарда – 32 оқу аптасына, бірінші сыныптарда – 33 оқу аптасына, екінші сыныптарда – 34 оқу аптасына созылады.
Оқу жылының ішінде 1-11 сыныптарда каникулдар болады: күзгі – 8 күн (5 қарашадан бастап 12 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (30 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (21 наурыздан бастап 1 сәуірді қоса алғанда).
Мектеп алдындағы сыныптарда каникулдар: күзгі – 8 күн (5 қарашадан бастап 12 қарашаны қоса алғанда), қысқы – 10 күн (30 желтоқсаннан бастап 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі – 12 күн (21 наурыздан бастап 1 сәуірді қоса алғанда) белгіленеді. Мектеп алдындағы және бірінші сыныптарда үшінші тоқсанның ортасында қосымша каникул аптасы беріледі, оның басталуы мен аяқталуын құрылтайшы белгілейді.
6.11.Сабақ кестесін жалпы білім беретін мектеп өзі әзірлеп жасап, өз бетінше бекітеді. Кестеде оқу сабақтарының апталық саны, ұзақтығы және кезегі көрсетіледі.
6.12.Мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минут (теңдестіру оқу сыныптарында – 40 минуттан аспайды). Балалардың мектеп талаптарына сай бейімделу процесін жеңілдету мақсатында 1-ші сыныптардың оқу сабақтарында «сатылаған» режимі қолданылып оқу жүктемесі біртіндеп ұлғайтылады: қыркүйекте – ұзақтығы 35 минуттан 3 сабақ; екінші тоқсаннан бастап - әр қайсысы 35 минуттан 4 сабақ. Сабақтар арасындағы үзіліс ұзақтығы оқушылардың белсенді демалуы мен ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі белгіленеді, бірақ 10 минуттан кем болмайды.
Оқу сабақтары сағат 8-ден ерте басталмайды.
Бірінші ауысымда жұмыс істейтін жалпы білім беретін мектепте бастауыш мектеп, 5-ші, бітіруші және теңдестіру оқу сыныптарының оқушылары бірінші ауысымда оқытылуы тиіс.
Оқу аптасының ұзақтығы Құрылтайшының келісімімен педагогикалық кеңесте белгіленеді және Жарғыда бекітіледі.
6.13.Мектеп алдындағы сыныптарда сабақ 5 жасар балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, ойындар құрастыру, бейнелеу, музыкалық, театр және басқа да қызметтер түрінде өткізіледі, сол сияқты болашақ жеке жас және психологиялық ерекшеліктеріне сай балалардың түрлі топтарымен жұмыстар жүргізіледі.
6.14.Мемлекеттік жалпы білім беретін мектептегі оқу сабақтары жүргізілетін тілді (тілдерді) құрылтайшы тиісті органдарының ұсынысы негізінде жергілікті атқару органдар белгілейді, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім жүйесіне берілетін мүмкіндіктер шеңберінде халықтың ана тілінде немесе кез келген басқа тілде білім алу қажеттілігі мен құқықтарын барынша қанағаттандырады.
Білім беру ұйымдары білім алушылардың мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін білуін, сондай-ақ білім берудің тиісті деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес орыс тілін және шет тілдерінің біреуін оқып-үйренуін қамтамасыз етуге тиіс.
6.15.Жалпы білім беретін мектеп кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдармен келісе отырып және бірлесе, сол сияқты жеке өз бетінше қосымша білім беру қызмет ретінде кәсіптік даярлау жүргізе алады, оның ішінде лицензиясы болған жағдайда ақылы қызметте көрсете алады.

7. Ақылы білім беру қызметін көрсету тәртібі мен тізімі
7.1.Мекеме келесі ақылы білім беру қызметін көрсетуге құқылы:
•қосымша білім беру бағдарламаларын (балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы бейімділіктер мен қызығушылықтарды дамыту, мамандардың біліктілігін арттыру) іске асыру;
•оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан пәндер (сабақтар және сабақтардың циклдері) бойынша жекелеген білім алушылармен қосымша сабақтар ұйымдастыру;
•мектеп және оларға сабақтас пәндер бойынша халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларға қосымша даярлау;
•білім алушылар мен тәрбиеленушілер, педагог қызметкерлер мен ересек жұртшылық арасында әр түрлі: спорт жарыстарын, семинарлар, кеңестер, конференциялар, сондай-ақ оқу-әдістемелік әдебиетті әзірлеу мен өткізу жөніндегі іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
•әртүрлі деңгейдегі олимпиадалар мен байқауларға оқушылардың қатысуын үйлестіру;
•музыка аспаптарын пайдалануға беру және Интернет-байланыстың қосымша қызметтерін ұсыну;
•жазғы демалысты ұйымдастыру, білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, білім беру ұйымында өткізілетін іс-шараларға қатысушылардың тамақтануын қамтамасыз ету;
•ЖОО түсуге және Бірыңғай Ұлттық Тестті тапсыруға дайындау;
•артта қалушы және үлгермеушілерді теңестіруші дайындық;
•арнайы лицензияны және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін басқа да білім беру қызметі.
7.2.Мекеме қосымша білім беру қызметін (соның ішінде ақылы) оқушылар тарапынан еркіндік принциптерінде жүргізеді.
7.3.Ұжымды және жеке сабақтарда оқытылатын оқушылардың ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) келісім шарт ақылы білім беру қызметінің негізі болып табылады.
7.4.Мекеме берілетін қосымша ақылы білім беру қызметінің сапасына дербес жауап береді.
7.5.Қосымша ақылы қызмет көрсетуге қатыстырылған педагогтік қызметкерлердің ақысы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтай отыра шаруашылық есеп негізінде жасалынады.
7.6.Қосымша білім беру қызметін Мекеме негізгі оқу процесінен тыс кезде (сабақтан кейінгі уақыт, демалыс) жүргізіледі.
7.7.Қосымша ақылы білім беру қызметінің шарттары және де басқа сұрақтары Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы», «Білім туралы», «Лицензиялау туралы» Заңдарымен реттеледі, ерекше сәттері жақтар арасындағы Келісім-шартта аталып көрсетіледі.

8. Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері
8.1.Мекеме жарғылық капиталды орындау үшін кәсіпкерлік келесі түрлерін жүзеге асыруға құқылы:
•қосымша ақылы білім беру қызметі;
•ақпараттық қызмет;
•мектептік цикл пәндері бойынша демонстрациялық, дидактикалық және көрнекі құралдар дайындау, соның ішінде дыбыс – фонограммалары және бейне жазбалар;
•интеллектуалдық меншік нысандарына өзінің авторлық құқығын және педагогтық персоналдың авторлық құқықтарын жүзеге асыру;
•баспа – полиграфиялық қызмет.
8.2.Кәсіпкерлік қызмет мекемемен, қызметкерлерінің денсаулық және еңбек қауіпсіздігін сақтай отыра, тек қана, қатыстырылған персоналдың негізгі жұмыс уақытысынан тыс мезгілде көрсетіледі.
8.3.Тапсырыс беруші немесе Сатып алушы болатын келесі жақпенен жасалатын Келісім-шарт кәсіпкерлік қызмет көрсетудің негізі болып табылады.
8.4.Қосымша ақылы білім беру қызметінің шарттары және басқа да сұрақтары Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы», «Лицензиялау туралы» Заңдарымен реттеледі, ерекше сәттері жақтар арасындағы Келісім-шартта аталып көрсетіледі.
8.5.Қосымша ақылы қызмет көрсетуге қатыстырылғанпедагогтық қызметкерлердің және техникалық персоналдың ақысы Қазақстан Республикасының салық заңнамасын сақтай отыра шаруашылық есеп негізінде жасалынады.
8.6.Мекеменің кәсіпкерлік қызметі бойынша бухгалтерлік есебі, салық төлемі, бюджетпен және басқа да есептері Қазақстан Республикасының Әкімшілік, Азаматтық және Қылмыстық кодекстеріне және заңды тұлғалардың осы қызмет түрін реттейтін басқа да нормативтік актілер мен құжаттарға сәйкес дербес және толық жауапкершілікте жүргізіледі.

9. Білім беру ұйымдары мен білім алушылардың және (немесе) олардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің қатынастарын регламенттеу мен рәсімеу
9.1.Оқушалар, педагог қызметкерлер және оқушылардың ата-аналары (олардың алмастырылған тұлғалар) Мекемеде білім беру үрдісінің қатысушылары болып табылады.
Азаматты білім беру ұйымына қабылдау кезінде сол ұйым оны және (немесе) ата-анасын немесе өзге де заңды өкілдерін білім беру ұйымының жарғысымен, білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензиямен, қабылдау тәртібін және оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды регламанттейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.
9.2.Білім алушылардың:
•мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес сапалы білім алуға;
•білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқуға;
•өзінің бейімділігі мен қажеттеріне қарай қосымша білім беру қызметтерін, білімдерді ақылы негізде алуға;
•білім беру ұйымдарын басқаруға қатысуға;
•қайта қабылдануға және бір оқу орнынан басқасына, бір мамандықтан басқасына немесе оқудың бір нысанынан басқасына ауысуға;
•Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен білім беру ұйымдарында ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуге;
•спорт, оқу, акт залдарын, кітапхананы тегін пайдалануға;
•өзінің пікірі мен сенімін еркін білдіруге;
•оқудағы, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыстары үшін көтермеленуге және сыйақы алуға құқығы бар;
•жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруге.
9.3.Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді. Мекемеге оқушыларды олардың келісімінсіз жалпы білім бағдарламалары, оқу жоспарында көрсетілмеген жұмыстарға қатыстыруға, қоғамдық, қоғамдық саяси, діни ұйымдарға, партиялар мен қозғалыстарға зорлықпен кіргізуге, сондай-ақ осы ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеуге, үгіт-насихат компаниялары мен саяси акцияларға тартуға рұқсат етілмейді.
Мекемеге қауымдық білім беру мен діни білім берудегі арақашықтық принципін сақтау міндетті.
9.4.Білім алушылар мен тәрбиеленушілер мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес білімді, шеберлікті, практикалық дағдылар мен біліктілікті меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға міндетті.
9.5.Білім алушыларды өздерінің денсаулығы үшін қам жеуге, рухани және дене бітімін өздігінен жетілдіруге ұмтылуға міндетті.
9.6.Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің міндеттерін бұзғаны үшін оларға білім беру ұйымының ішкі тәртібінің ержелерімен және жарғысымен көзделген тәртіптік ықпал ету шаралары не білім беру қызметтерін көрсету туралы шартта көзделген өзге де шаралар қолданылуы мүмкін.
9.7.Мекемеде оқу-тәрбие процесі білім алушылардың, денсаулық жағдайын ескере отырып жүзеге асырылады. Мекемеде білім алушылардың, ауыруына жол бермеу, денсаулығын нығайту, дене бітімін жетілдіру, салауатты өмір салтын ынталандыру жөніндегі қажетті шаралардың орындалуы қамтамасыз етіледі.
9.8.Білім алушылардың оқу жүктемесі, сабақ режимі мемлекеттік жалпы міндетті стандарттар, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсыныстары негізінде әзірленген Мекеме бекітетін ережелермен айқындалады.
9.9.Денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдары білім алушылардың денсаулығына үнемі бақылау жасауды, оларға медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары медициналық пункттерге орын береді.
9.10.Мекемедегі сабақ кестесі білім алушылардың тамқтануы мен белсенді демалысы үшін ұзақтығы жеткілікті үзіліс жасалуын көздеуге тиіс.
Жергілікті атқарушы органдар мен Мекеме басшылары білім беру ұйымдарында ақылы тамақтандыруды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.
9.11.Мекемеде оқудың, тәрбиелеудің, еңбек ету мен демалудың салуатты және қауіпсіз жағдайларын жасау үшін жауапкершілік олардың басшылары мен құрылтайшыларына, ал бақылау жасау – тиісті мемлекеттік органдарға жүктеледі.
9.12.Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің:
•баланың тілегін, жеке беімділігі мен ерекшеліктерін ескере отырып білім беру ұйымын таңдауға;
•ата-аналар коммитеттері арқылы білім беру ұйымдарын басқару органдарының жұмысына қатысуға;
•білім беру ұйымдарынан өз балаларының үлгеріміне, мінез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
•өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу проблемалары жөнінде психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардан консультациялық көмек алуға;
•балалардың шарттық негізде қосымша қызмет көрсетулер алуына құқығы бар.
9.13.Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдері:
•балаларға өмір сүруі мен үшінсалауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға, олардың интеллектуалдық және дене күшін дамытуын, адамгершілік жағынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;
•бес жағында ба лалардың мектепке барар алдындағы дайындығын қамтамасыз етуге ал алты (жеті) жастан бастап жалпы білім беретін мектепке беруге;
•мекемемен білім сапасын көтеру және тәрбие мәселелері бойынша ынтымақтастық жасауға;
•балалардың Мекемеге баруын қамтамасыз етуге, үлгерімін қадағалауға;
•мекемеден тыс сабақтан бос және демалыс кезінде балалардың мінез-құлқын қадағалауға;
•сыныптық және жалпы мектептік ата-аналар жиналысына қатысуға;
•балаларды оқыту мен тәрбиелеуде білім беру ұйымдарына жәрдем көрсетуге;
•мекемемен бірдей бала құқығы туралы Конвенцияны сақтауға міндетті.

10.Білім беру ұйымдарына құрылтайшы бекітіп берген меншік объектілерінің пайдалану тәртібі, білім беру ұйымының өз қызмет процесінде сатып алған меншігін қалыптастыру тәртібі, білім беру ұйымын қаржыландыру көздері олардың қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету
10.1.Мекеменің мүлкі оған мемлекет берген мүліктен құрылады және негізгі қорлар мен айналыс қаражатынан сондай-ақ, Мекеменің баланысында құны көрсетілген басқа мүліктерден тұрады.
10.2.Мекеме мүлкінің құрылу және оның қызметін қаржыландыру көздері:
•мемлекет білім беру стандартын қамтамасыз етуге бөлінетін жергілікті бюджет қаражаттары;
•ақылы қызмет көрсетуден түскен табыс;
•Қазақстан Республикасының Заңдарымен шек қойылмаған өзге көздер.
10..3.Мекеме мүлкі, оған оралымды басқару құқығында тиесілі болады және коммуналдық меншікке жатады.
10.4.Егер Мекемеге құрылтайшымен табыс беретін қызметпен шұғылдануға құқық берілсе, онда осы қызметтен түскен табыс мемлекеттік бюджет табысына жіберіледі.
10.5.Мемлекеттік білім беру ұйымдарын қаржыландыру білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленген талаптар және Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалатын нормалар негізінде бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылады.
10.6.Мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және заңдарға сәйкес есеп береді.
10.7.Мекеменің қаржы шаруашылық қызметін тексеру және ревизиялау белгіленген тәртіпке құрылтайшымен жүзеге асырады.
10.8.Мекеменің жарғылық қызметін қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте, шегінде және оқу процесінен тыс уақытта кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырады.
10.9.Қызметтің бағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықталады. Ақылы қызметті жүзеге асырудан пайда табатын Мекемелер жыл сайын, ақылы қызметті жүзеге асырудан түсетін құралдар бойынша шығыстар мен табыстардың жеке сметасын құрайды.
10.10.Ақылы қызметтен және басқа да қызметтен түсетін қаржылар міндетті түрде ата-аналар кеңесімен келіе отырып Мекеме басшысы бекіткен алдыңғы бірінші кезектегі шараларды ескере отырып тек қана жарғылық мақсатқа жұмсалады. Мекеменің Директоры қаржының басқарушысы болып табылады.
10.11.Ақылы білім беру және басқа да қызметтен түскен қаржылар Мекеменің «Ақылы қызметтен түскен қаржылар» ағымды шотынан есептеледі.

11. Құрылтайшының құзыреті, білім беру ұйымының құрылымы, басқару органдарын құру тәртібі, олардың құзыреті және қызметін ұйымдастыру тәртібі
11.1.Мекемеге жалпы басшылықты Құрылтайшы-Тараз қаласы әкімдігінің білім, дене шынықтыру және порт бөлімі жүргізеді.
11.2.Құрылтайшының құзыры:
•мекемеге мүлік бекітеді;
•мекемені ұстауға сметаны (шығындар жоспарын) бекітеді;
•мекемеге берілген тиімді пайдалануына және сақталуына бақылау жасайды;
•мекеме Жарылғысын, оған өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;
•мекеменің басшы органдарының құрылымын, құрылу тәртібін және өкілет мерзім;
•мекеменің басшысын тағайындау және босату негіздерін, құқықтарын, міндеттер және жауаптылығын анықтайды;
•мекеменің құрылымын және шекті шататтық санын бекітеді;
•мекеме басшысының ұсынысы бойынша оның орынбасарын (орынбасарлар) лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға келісімін береді;
•жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
•өз өкілеттігі шегінде оқу-тәрбиелеу үрдісі мазмұнының білім берудің мемлекет жалпы білім беру стандарттары талаптарына сәйкестігін мерзімді тексеру ұйымдастырады және жүргізеді;
•педагог жұмысшыларды аттестатциялауды жүргізеді және оларға біліктілік санаты береді;
•заңнамамен бекітілген басқа да қызметтер.
11.3.Заңнамамен басқаша бекітілмесе, Мекеме басшысы лауазымына құрылтайшымен тағайындалады және босатылады.
11.4.Мекеменің Басшысы Мекеме қызметін ұйымдастырады және басқарады құрылтайшыға тікелей бағынады (заңнамамен басқаша бекітілмесе), және Мекеме жүктелмеген тапсырманың орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауап береді.
11.5.Мекеменің басшысы жеке бастамашылық принциптерінде әрекет етеді және осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен анықталған құзыры шегінде Мекеме қызметінің өз еркінше шешеді.
11.6.Мекеме қызметін атқару жолында мекеменің басшысы белгіленген тәртіпте:
•мекеме атынан сенім хатсыз іс-әрекеттер жүргізеді;
•мекеме мүдделерін барлық органдарда ұсынады;
•мекеме қызметін оралымды басқаруды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді;
•оқу-тәрбиелеу үрдісін жоспарлайды және ұйымдастырады, оның барысында және нәтижесін бақылауды жүзеге асырады, Мекеме жұмысының сапасында және тиімділігіне жауап береді;
•заңдарда көзделген жағдайлар мен шеңберде мүлікке билік етеді;
•шарттар жасайды, сонымен бірге ұжымдық, жеке шарттар;
•сенімхаттар береді;
•мекеменің іссапарлар, сынау мерзімін өткізу, Қазақстан және шет ел оқу орталықтарында қызметкерлерін оқыту және басқа түрінде біліктілігін арттыру туралы тәртіп пен жоспарларын бекітеді;
•банктік және өзге де қаржылық құжаттарға қол қояды, сенімхаттар береді және мәмілелер жасайды;
•барлық қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
•мекеме жұмыскерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
•мекеме жұмыскерлерін марапаттау шараларын қабылдайды және тәртіптік жазаға тартады;
•өзінің орынбасарының (орынбасарларының) және Мекеменің басқа қызметкерлерінің өкілеттік шеңберін және міндеттерін белгілейді;
•заңнамамен, осы Жарғымен оған жүктелген өзге қызметтерді атқарады.
11.7.Мекеменің жоғарғы өзін өзі басқару органы педагогикалық ұжымының өкілдерінен Мекеме оқушыларынан және ата-аналардан тұратын Мекеме Кеңесі болып табылады.
Мекеме Кеңесінің ерекше құзырына жататын мәселелер шеңбері Мекеме Кеңесі турал Ережемен реттеледі:
•мекеме қызметінің негізгі бағыттарын және кезекті міндеттерін анықтау, оларды орындау туралы есептерді және жоспарларды бекіту;
•директордың есептерін тыңдау және бекіту;
•мекеменің қызметін реттейтін ішкі тәртіп ережел

Похожие публикации:

22 мамыр 2017 Мектеп ұжымы