Жетістіктеріміз » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№11 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-54-71
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-54-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жетістіктеріміз
Білім алушының жетістігі!!!
28
қараша
2021
Білім алушының жетістігі!!!
Спорттың денсаулық кепілі екені әлдеқашан мойындалған. «Дені сау сәби әр отбасының, қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби халықтың болашағы, Отанының сенімді тірегі» демекші, 8 «В» сынып білім алушысы Мурат Елдос үнемі спортпен шұғылданады, нәтижесінде Облыстық турнирде қанжығасына 2-орынды байлады.  
Білім алушылардың жетістігі құтты болсын!
25
қараша
2021
Білім алушылардың жетістігі құтты болсын!
№11 орта мектебінің 8"А" сынып білім алушысы Арапбаев Диас І Халықаралық "ШАБЫТ ШЫҢЫ" өнер фестивалінде "ВОКАЛ" жанры  бойынша өнер көрсетіп, 1-ші орын иеленді. Тағы бір айта кетерлігі жоғарыда аталған байқауда "Балдырған" тобының құрамында қатысып, бірінші жүлделі орынға ие болып, дипломмен марапатталды.  Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Шу қаласында өткен бірыңғай күрес турнирі өтті. Мектебіміздің 8 "А" сынып білім алушысы Ержан Диас 1 - орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
Білім алушылардың жетістігі!
02
қараша
2021
Білім алушылардың жетістігі!
Каратэден жасөспірімдер арасындағы Жамбыл облысы чемпионатында мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ержан Батырбекұлының шәкірттері Егембердиева Аяна, Алиева Россия 1 орындар, Асанова Амалия 3 орын, Қази Қанағат 2 орын иеленді. Жарайсыз Ержан Батырбекұлы! https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=603340200687222&id=100030337434236 
Білім алушылардың жетістігі!
02
қараша
2021
Білім алушылардың жетістігі!
ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНУДЕ Мектебіміздің білім алушылары Әсетов Нұрали - "Үздік ұлан - 2021" байқауынан 1-орын, Алпысбаев Азамат облыстық ережесіз жекпе жек турнирінен 1--орын, Берікқызы Аружан "Rising star 2021" би байқауынан 1-орын, Каримов Адильжан мен Асанов Асиф еркін күрес жарысынан бірінші және екінші орындарды қанжығаларына байлады. Бұл апта сәтті басталды. Өйткені шәкірттеріміз жеңіс тұғырынан көрінуде https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=604659550555287&id=100030337434236
Білім алушылардың жетістігі!
01
қараша
2021
Білім алушылардың жетістігі!
Бүгін мектебіміздің мақтаныштары, кеше ғана Мәскеу және Астана қалаларынан жеңіспен оралған спортшыларымыз 7"г"сынып оқушысы Аяна Егембердиева, 7"в"сынып білім алушылары Россия Алиева, Ясмина Джунушахунова, Эвилина Морхат марапатталды. Олар алтыннан алқа тағып, мектебіміздің абыройын асқақтатты. Жеңістерің құтты болсын жас достар! https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=592136468474262&id=100030337434236
Жетістіктеріміз
01
қараша
2021
Жетістіктеріміз
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен "Ұстаздар күні" мерекесіне орай директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары арасында спартакиада өткізіліп, "Үстел теннисі" жарысында  II-орын алғаны үшін мектебімізіздің  директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Валиуллина Альбина Шамильевна марапатталды. Құттықтаймыз! https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=600597227628186&id=100030337434236 
Білім алушылардың жетістігі!
01
қараша
2021
Білім алушылардың жетістігі!
Сүйінші! Мектебіміздің 9 "Б"сынып оқушысы Анель Әзімқұл Түркияға жолдама ұтып алды. Ол халықаралық "Думанды елім" өнер байқауына қатысып I-орын жеңіп алды. Көркем сөз оқу номинациясы бойынша "Ғайша жеңгей" өлеңін оқыды. Жарайсың, Анел!https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=610281296659779&id=100030337434236 
Жетістіктеріміз!
01
қараша
2021
Жетістіктеріміз!
Құттықтаймыз!!! Мектебіміздің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Ғанибет Әбдірахманов WKF каратэден ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында КУМИТЭ бағдарламасында 75 салмақ дәрежесінде III-орын иеленді. Құтты болсын! https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=611493783205197&id=100030337434236
Білім алушылардың жетістігі
01
қараша
2021
Білім алушылардың жетістігі
Сүйінші!!! 27қазан күні өткен облыстық Дәстүрлі "VI Шерхан Мұртаза оқулары" байқауына қатысып,жүлделі екінші орын иегері атанған 10" А" сынып білім алушысы Төрежан Үміт енді қараша айында өтетін республикалық Шерхан Мұртаза оқулары байқауына жолдама алды.Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асетилдаева Анипа Бакирқызы. Құттықтаймыз!!!
"Үздік тәрбиеші-2018" байқауының жеңімпазы
23
қаңтар
2021
"Үздік тәрбиеші-2018" байқауының жеңімпазы
Қазақстан педагогтар қауымдастығының ұйымдастыруымен өткізген республикалық "Үздік тәрбиеші-2018" байқауына ұсынған жұмыстары үздік деп танылғаны үшін №11 орта мектебінің Шалова Ботакуз Орынбеовна диплом және төсбелгісімен марапатталды.  Ботакуз Орынбековнаны шын жүректен құттықтаймыз!!!! Еңбегіңіз бағалана берсін!!!!