Білім алушылар жетістіктері
Қазақ жазушыларының қызыл жебесі - Шерхан Мұртазаның құрметіне өткізілген дәстүрлі «IV Шерхан Мұртаза оқулары» байқауында № 11 орта мектебінің 11 «А» сынып білім алушысы Жанасбек Диана жазушы шығармаларын мәнерлеп оқуда актерлік шеберлігі және ерекше мақамымен дараланып, жүлделі ІІІ орынды иеленсе, 10 «Ә» сынып білім алушысы Қазбек Меруерт шығармашылық таланты және ақындық қуатымен жүлделі ІІ орынды иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды.