18
сәуір
2022
Ата-аналардың назарына! 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау туралы ақпарат
2022-2023 оқу жылына 1-ші сыныпқа құжаттарды қабылдау ағымдағы жылдың 1-сәуірінен басталды.
Қазіргі уақытта egov.kz сайты уақытша жұмыс жасамай тұрғандықтан, құжаттарды қағаз түрінде мектепке өткізуге болады.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
📎ата-ананың өтініші;
📎баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
📎«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
📎063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;
📎баланың 3х4 көлеміндегі 2 фотосуреті.
