20
желтоқсан
2019
Спортшылармен кездесу
Биыл - Жастар жылы. Өткен жылдың 5 қазанында мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Елбасы өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған бағдарламалар әзірлеп, ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыруды нықтап тапсырған болатын. «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», — деген еді Елбасы.
Осыған орай Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқарамасы «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы» ұйымдастыруымен «Жастар жылы» аясында мектеп білім алушылары мен колледж білімгерлер арасында облысымыздағы әлемге белгілі даңқты спорт жұлдыздары, спорт ардагерлерімен мотивациялық кездесу ұйымдастыру жоспарланған болатын.
Ғылыми-тәжірбиелік дене шынықтыру орталығының басшысы Жартыбаев Аманғали Салкенұлы, Самбо жастар арасында спорт шебері Оразхан Серік Қайратұлы, Азия кубогының қола жүлдегері Салимбаев Нұрзат Қанатбекұлы 19 желтоқсан күні Тараз қаласы №11 орта мектебіне келіп, білім алушылармен кездесу өткізді. Кездесуде спорттың денсаулыққа пайдасы туралы насихаттау жүргізіп, қызығушылығын арттырды. Осы кездесуге уақытын бөліп келгеніне мектеп мұғалімдері, ата-аналар, білім алушылардың барлығы риза, алғысы шексіз.