№11 орта мектебіндегі 17.10.2019 жылы Қамқоршылық кеңесі отырысының №2 хаттамасының көшірмесі » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№11 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-54-71
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-54-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №11 орта мектебіндегі 17.10.2019 жылы Қамқоршылық кеңесі отырысының №2 хаттамасының көшірмесі
17
қазан
2019

№11 орта мектебіндегі 17.10.2019 жылы Қамқоршылық кеңесі отырысының №2 хаттамасының көшірмесі

№11 орта мектебіндегі  17.10.2019 жылы Қамқоршылық кеңесі                    
                            отырысының  №2 хаттамасының көшірмесі 


Қатысқандар: 
Қамқоршылық кеңестің мүшелері – 11
Сыныптың ата – аналар комитеттерінің төрайымдары-29
Мектепішілік Қамқоршылық кеңестің төрайымы Побединская О.П.
Қамқоршылық кеңес мүшелері: 
   1Қалалық білім бөлімінің әдіскері Түйтебаева Алмагуль Орынбаевна
   2.Сыздыкова Турсункуль Хамзаевна-1-сынып
   3.Белова Анжелика Вячеславовна-2-сынып
   4.Зайнуллина Альфия Рафаиловна-4-сынып
   5.Морхат Наталья Васильевна-5-сынып
   6.Абраева Мөлдір  Канатовна-3-сынып
   7.Бижанова Күлпаш Кдырбаевна-8-сынып
    8.Дарибаева Маржанкүл Казиевна-10-сынып
   9.Құдайбергенова Гүлнар Еленовна-11-сынып
   10.Бакирова Фатима Ахметовна-7-сынып 

   11.Вязева Екатерина Владимировна-5-сынып             

Қатыспағандар:
КҮН ТӘРТІБІ:


1. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта мектебі» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесінің директоры  Бердимбетова  Гульбахира Камалқызының Қамқоршылық кеңес  алдындағы есебі

         

         Отырысты Қамқоршылық кеңес төрайымы Побединская Ольга Петровна ашып, отырысқа қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын мәселемен таныстырды.   


Бірінші мәселе бойынша №11 орта  мектебінің директоры Бердимбетова Гульбахира Камалқызының  17.10.2019ж. қамқоршылық кеңес алдындағы есебі

Мақсаты:   мектептегі оқу-тәрбие жұмысын оңтайлы жүргізу мақсатында ата-анамен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және 2018-2019оқу жылында атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру.

          Тәуелсіз елдің негізгі тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.Мемлекет болашағының кепілі-жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың ұлы ақыны   Абай Құнанбайұлы: «Адамның адамшылдығы –ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады »,- деген. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу

         2019-2020 оқу жылында №11 орта мектебінде 985 оқушы білім алуда. Жалпы мектеп бойынша 48 сынып комплектісі бар. 2018-2019 оқу жылында

№ 11 орта мектебінің  жылдық  білім сапасы 1-4 сыныптар 64%, 5-9 сыныптар 53.3%, 10-11 сыныптар 44,2% көрсетті.

Өздеріңізге белгілі 2018-2019 оқу жылында 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп, 5 күндік оқу күніне көшіріліп, жаңаша талаптармен білім алуда. .  

     Мектепте 985 оқушы тәрбиеленіп білім алуда олардың ішінде 253-і көп балалы отбасының балалары,

         Сонымен қатар, толық емес отбасы 235 болса, оның

         - тек анасымен бірге тұратын оқушылар 210,

         - тек әкесімен бірге тұратын оқушылар 25

6 бала қамқоршылықта (қорғаншылықта),

10 күннен астам сабаққа келмеген оқушы – жоқ

спорт секциялармен қамтылған – 206 оқушы 21 % - ды құраса,

үйірмелерге қатысатыны – 888 оқушы 98 % - ды құраса, 

Мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасы 190 болса, оның 291 –і мектепте ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілген

            2019-2020 оқу жылында 4 жас маман мектеп ұжымына қосылды.

Білім алушыларды жаңартылған мазмұнда оқытудағы басты мақсаты - алынған білім мен дағдыларын кез келген жағдайда, өмірлік практикада қолдана алуы. Мектепте осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мен жүргізу жолында мектеп педагогтарының еңбегі зор. Қазіргі таңда ұстаздардың жалпы саны -93 , жоғары білімді –90 , орта арнаулы  - 3, жоғары санатты -34 (41%), бірінші санатты – 25(34,7%), екінші санатты – 17(20%), санаты жоқ – 15.  

        Жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында Қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру және ғылымға, өнерге, мәдениетке деген құштарлықтарын оята білу- мектепшілік үйірмелердің басты мақсаты. Мектебімізде осындай мақсатта, әр түрлі бағыттағы 18 үйірме жұмыс жасайды. 2019-2020оқу жылында домбыра, шахмат үйірмелері 

ашылды. Жалпы мектеп бойынша 985 бала үйірмемен қамтылған, оның ішінде 888 оқушы мектепшілік үйірмеге қатысып, мәдениет, спорт, қолөнер және спорттық бағыттары бойынша жоғары жетістіктер көрсетіп, мектептің дамуына өз үлестерін қосуда. Осы оқушыларды облыс, республика көлемінде өтіп жатқан байқауларға қатыстыру барысында ата-аналар мен жетекшілерінің еңбегі зор.                

        2019 жылдың қаңтар  айының 11 жұлдызында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің №29 бұйрығына сәйкес №11 орта мектебінде «Қамқоршылық кеңесіне» өзгерістер енгізілген.

Қамқоршылық кенестің міндеттері:

-білім жүйесінде оқыту мен тәрбие үдерісінде практикалық көмек көрсету;

-оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында біріккен жұмыста жайлы жағдай жасау;

-оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық және рухани қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;

-оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын жақсартуды қамтамасыз ету;

-материалды-техникалық қамтамасыз етуді нығайту;

Қамқоршылық кеңесі өз қалауымен, тең құқылы, заңды, ашықтықта еркіндік ұғымымен жұмыс істейді.

Ережеге сәйкес мектептің Қамқоршылық кеңесінің 15 мүшелері ұсынылды. Қазіргі таңда қамқоршылық кеңестің есеп шоты ашылып , жұмыстар жүргізілуде.

-Білім бөлімінен бөлінген қаражат: химкабинет – 6500000тг 

-2019-2020 жаңа оқу  жылына даярлануға қаражат бөлініп жұмысшыларға  70 литр еріткіш, 4 қап ұнтақ, 25 дана валик, щетка 25 дана, кішкентайы 20 дана, бояу шеткасы 10 дана, 1000 дана табель  және   ақ  краска 185 кг. қоңыр  краска 70, жасыл краска  30 кг  берілді 

  -   Білім бөлімінен бөлінетін қаражат есебінен  жаңа оқу жылына 100кг., хлор берілді .                                       

-Он өрт сөндіргіш, 20 сыпыргыш  берілді.                                       

-жылу жүйелері тексеріліп жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кей жерлері ауыстырылды, асханада  ақтау мен   сырлану жүмыстары жүргізілді ,   өрт сөндіру краны жөндеуден өтті.

-Сынып бөлмелерімен және коридорлар ақталып,  сырлау жұмыстары жүргізілді.

-Акт залы ақталып, сырланып жөндеу жұмыстары жүргізіліп   және линолеум ауыстырылды.

-Ауланы тазартып, бұтақтары кесіліп, мектеп дарбазалары сырланды, сарайларда жөндеу жұмыстары жүргізілді.

-Көтерілетін баспалдақтар сырланды.

-Спортзалдың іші мен киім ауыстыратын бөлмелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  -   ерлер әжетханасына жөндеу жұмыстары жүргізілді және сантехникасы ауыстырылды.

Бірінші қабаттын босаған кафелдерін  қайтадан клейлеп жөндеуден өткіздік.

         «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны» іске асыру мақсатында мектеп оқушылары арасында жастардың діни сауаттылығын көтеру, қоғамда орын алып отырған діни ағымдар мен бағыттардың ара жігін ажыратып, экстремизмнің алдын алуға бағытталған «Жастар арасында діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары», «Дін және оның бағыттары», «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Діндегі радикалды бағыттар және олардың қаупі» тақырыбында кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді. Дін істері басқармасының дін проблемаларын зерттеу орталығы тарапынан ұсынылған «Өмірзая» фильмдері мен «Қауырт желі-114», «Қауырт желі 51-50-20», «Такфіршілдік», «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ», «Ата-баба дәстүрін ұмытпа», «Әке мен бала» тақырыптарына бейнероликтер көрсетілді.

     Рухани жаңғыру аясында 2019-2020 оқу жылында кітапханамызда біраз өзгерістер еңгізілді .Замануи техника мен ғаламтор үстемдік құрған бүгінгі қоғамда кітап оқу мәдениетін жаңғыртып,жаңдандыру мақсатында «Оқу табысқа апарар жол» мобильдік оқу залының ашылуы салтанатты түрде өтті.Нәтижесінде оқырмандар жобаның қырсырымен танысып,барлық кітапсүйер қауымның көңілдерінен шықты.

     «Назар аударыңыз,бағдаршам!» атты жолда жүру ережесін сақтау және балалар арасында жол-көлік жарақатының алдын алу айлығының өту барысында қалалық жолда жүру байқауынан  бас жүлде иеленген «Ғазаз Байтасов» атындағы отряд мүшелері 1 сыныптарға «Қауыпсыз жол!» сабақтарын өтті.

Мектебімізде «Анамның ізгі жолы -үлгі» атты оңкүндігімізде көпбалалы аналармен кездесу-сұхбат өтті.Аналар қаншалықты өз балаларын танитының, психологиялық ситуациялармен көрсетті.

  Тәрбие отбасынан басталады демекші», 2019 жылдың басынан мектеп ұжымы тамаша бастаманы қолға алды. Ол өздеріңізге белгілі, сыныптағы тәрбие сағаттарын ата-аналардың  қатысуымен өтуі. Бұл іс-шараның басты мақсаты мектеп пен ата-ана арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, бала тәрбиелеуде бірлесе ат салысу. Осы уақытқа дейін қаланың мектептерінің бірінде болмаған жаңалықты енгізіп, біз- мұғалімдер және ата-аналар бала тәрбиесінде мектеппен тығыз байланыс жасаудың маңызды екендігіне көз жеткіздік. Осы іс-шараға қатысып, тәрбие сағаттарын өткен және осы уақытқа дейін мектебіміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан жанашыр ата-аналарымызға алғысымыз шексіз.

          Сонымен қатар, біздің мектепте келесі мәселелер туындауда:

1.Қамқоршылық кеңестің қорынан өз еріктерімен қаржы салынбайды.

2.Ата-аналар қауымдастығы әлі де болса мектептен бірлескен жұмыс жүргізбейді.

3.Әлеуметтік желілерде ата-аналардың өз іс-тәжірибелерімен бөлісу белсенділігі төмен.

Осы аталған мәселелерді бірлесе отырып шешуіміз керек.

Бүгін біз, жарқын болашағымыз – балаларымыз үшін барша ата-аналар қауымын күш біріктіруге шақырамын. Біздің әрқайсымыздың басты тілегіміз– балаларымыздың бақытты балалық шағы, лайықты білім алуы, тәрбиелі де саналы болып өсуі қажет екендігіне тоқталды.




Қамқоршылық кеңестің төрайымы                  Побединская О.П.

                                               хатшысы                   М.К.Абраева





Шешім:

1. №11 орта мектебінің директоры Г.К.Бердимбетованың ата-аналар комитеті мен Қамқоршылық кеңесі алдындағы есебі «қанағаттанарлық» деп есептелсін;

1.1. Қамқоршылық кеңестің  жұмысы 2019-2020 оқу жылында жандандырылсын;

1.2. Қамқоршылық кеңестің есепшотына мектеп қажеттілігіне байланысты заң аясында қаражат түсіру жолдары қарастырылсын;

1.3. Қамқоршылық кеңесі ата-аналар комитетімен бірлескен жұмыс жоспарын 01.11.2019 жылға дейін жасап, жүзеге асырсын.