№11 орта мектебінің директоры Бердимбетова Гульбахира Камалқызының Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№11 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-54-71
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-54-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №11 орта мектебінің директоры Бердимбетова Гульбахира Камалқызының Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі
18
мамыр
2019

№11 орта мектебінің директоры Бердимбетова Гульбахира Камалқызының Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі

№11 орта мектебіндегі  17.05.2019 жылы Қамқоршылық кеңесі                    
                            отырысының  №1 хаттамасының көшірмесі 


Қатысқандар: 
Қамқоршылық кеңестің мүшелері – 12
Мектепішілік Қамқоршылық кеңестің төрайымы Побединская О.П.
Қамқоршылық кеңес мүшелері - 11
Қатыспағандар:3(Туйтебаева Алмагуль Орынбаевна қатыспаған себебі: Алматы 
қаласында Республикалық Семинарда болуына байланысты,
Рыспанов Мейіржан Байтуганович қатыспаған себебі: сот процесінде болуына 
байланысты)

КҮН ТӘРТІБІ:


1. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта мектебі» коммуналдық 
мемлекеттік мекемесінің директоры  Бердимбетова  Гульбахира Камалқызының Қамқоршылық кеңес  алдындағы есебі

         

         Отырысты Қамқоршылық кеңес төрайымы Побединская Ольга Петровна ашып, отырысқа қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын мәселемен таныстырды.   


Бірінші мәселе бойынша  №11 орта  мектебінің директоры Бердимбетова Гульбахира Камалқызы “Қамқоршылық кеңес” алдындағы есептің мақсатымен таныстырды. Ол мектептегі оқу-тәрбие жұмысын оңтайлы жүргізу мақсатында ата-анамен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және 2018-2019 оқу жылында атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру. Ол өз сөзінде төмендегі жағдайларға тоқталды.

        2018-2019 оқу жылында №11 орта мектебінде 976 оқушы білім алуда. Жалпы мектеп бойынша 48 сынып комплектісі бар. 2018-2019 оқу жылында

№ 11 орта мектебінің  III тоқсан  білім сапасы 1-4 сыныптар қазақ-60,2 %, орыс-64% 5-9 сыныптар қазақ-41,9%, орыс-53,3 % ,10-11 сыныптар қазақ-52,4%,орыс-44,2 % көрсетті.

Өздеріңізге белгілі 2018-2019 оқу жылында 1,2,3,5,6,7,8 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп, 5 күндік оқу күніне көшіріліп, жаңаша талаптармен білім алуда. Білім алушыларды жаңартылған мазмұнда оқытудағы басты мақсаты - алынған білім мен дағдыларын кез келген жағдайда, өмірлік практикада қолдана алуы. Мектепте осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мен жүргізу жолында мектеп педагогтарының еңбегі зор. Қазіргі таңда ұстаздардың жалпы саны -83, жоғары білімді – 79, орта арнаулы  - 4, жоғары санатты -30 (38%), бірінші санатты – 23(27,7%), екінші санатты – 17(20%), санаты жоқ – 13.  2018-2019 оқу жылында 6 жас маман мектеп ұжымына қосылды.

        Мектебімізде осындай мақсатта, әр түрлі бағыттағы 24 үйірме жұмыс жасайды. Жалпы мектеп бойынша 820 бала үйірмемен қамтылған, оның ішінде 675 оқушы мектепшілік үйірмеге қатысып, мәдениет, спорт, қолөнер және спорттық бағыттары бойынша жоғары жетістіктер көрсетіп, мектептің дамуына өз үлестерін қосуда.

        2018 жылдың қаңтар  айының 11 жұлдызында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің №29 бұйрығына сәйкес №11 орта мектебінде «Қамқоршылық кеңесі» құрылды.

Қамқоршылық кенестің міндеттері:

-білім жүйесінде оқыту мен тәрбие үдерісінде практикалық көмек көрсету;

-оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында біріккен жұмыста жайлы жағдай жасау;

-оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық және рухани қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;

-оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын жақсартуды қамтамасыз ету;

-материалды-техникалық қамтамасыз етуді нығайту;

Қамқоршылық кеңесі өз қалауымен, тең құқылы, заңды, ашықтықта еркіндік ұғымымен жұмыс істейді.

Ережеге сәйкес мектептің Қамқоршылық кеңесінің 15 мүшелері ұсынылды. Қазіргі таңда қамқоршылық кеңестің есеп шоты ашылып , жұмыстар жүргізілуде.

-Білім бөлімінен бөлінетін қаражат есебінен  мектепке  550кв.метр линолеум алынып кітапхана, негізгі мектептін №8, №11, №19, №16, №18, №12, №14, №7,   бастауыш мектептін -№2, №4, мектепалды даярлық сыныбы -№1,№2  кабинеттерінің линолеумдері ауыстырылды

-2018-2019 жаңа оқу  жылына даярлануға қаражат бөлініп жұмысшыларға  70 литр еріткіш, 4 қап ұнтақ, 25 дана валик, щетка 25 дана, кішкентайы 20 дана, бояу шеткасы 10 дана, 1000 дана табель  және   ақ  краска 185 кг. қоңыр  краска 70, жасыл краска  30 кг  берілді 

  -   Білім бөлімінен бөлінетін қаражат есебінен  жаңа оқу жылына 100кг., хлор        

       берілді .                                       

-Он өрт сөндіргіш, 20 сыпыргыш  берілді.                                       

-жылу жүйелері тексеріліп жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кей жерлері ауыстырылды, асханада  ақтау мен   сырлану жүмыстары жүргізілді ,   өрт сөндіру краны жөндеуден өтті.

-Сынып бөлмелерімен және коридорлар ақталып,  сырлау жұмыстары жүргізілді.

-Акт залы ақталып, сырланып жөндеу жұмыстары жүргізіліп   және линолеум ауыстырылды.

-Ауланы тазартып, бұтақтары кесіліп, мектеп дарбазалары сырланды, сарайларда жөндеу жұмыстары жүргізілді.

-Көтерілетін баспалдақтар сырланды.

-Спортзалдың іші мен киім ауыстыратын бөлмелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

  -   170 люминальды лампалар алынып, ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Бірінші қабаттын босаған кафелдерін  қайтадан клейлеп жөндеуден өткіздік.

         «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны» іске асыру мақсатында мектеп оқушылары арасында жастардың діни сауаттылығын көтеру, қоғамда орын алып отырған діни ағымдар мен бағыттардың ара жігін ажыратып, экстремизмнің алдын алуға бағытталған «Жастар арасында діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары», «Дін және оның бағыттары», «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Діндегі радикалды бағыттар және олардың қаупі» тақырыбында кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді. Дін істері басқармасының дін проблемаларын зерттеу орталығы тарапынан ұсынылған «Өмірзая» фильмдері мен «Қауырт желі-114», «Қауырт желі 51-50-20», «Такфіршілдік», «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ», «Ата-баба дәстүрін ұмытпа», «Әке мен бала» тақырыптарына бейнероликтер көрсетілді.

         Тәрбие отбасынан басталады демекші», 2018 жылдың басынан мектеп ұжымы тамаша бастаманы қолға алды. Ол өздеріңізге белгілі, сыныптағы тәрбие сағаттарын ата-аналардың  қатысуымен өтуі. Бұл іс-шараның басты мақсаты мектеп пен ата-ана арасында ынтымақтастық қарым-қатынас орнатып, бала тәрбиелеуде бірлесе ат салысу. Осы уақытқа дейін қаланың мектептерінің бірінде болмаған жаңалықты енгізіп, біз- мұғалімдер және ата-аналар бала тәрбиесінде мектеппен тығыз байланыс жасаудың маңызды екендігіне көз жеткіздік. Осы іс-шараға қатысып, тәрбие сағаттарын өткен және осы уақытқа дейін мектебіміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан жанашыр ата-аналарымызға алғысымыз шексіз.

          Бүгін біз, жарқын болашағымыз – балаларымыз үшін барша ата-аналар қауымын күш біріктіруге шақырамын. Біздің әрқайсымыздың басты тілегіміз– балаларымыздың бақытты балалық шағы, лайықты білім алуы, тәрбиелі де саналы болып өсуі қажет екендігіне тоқталды.




Қамқоршылық кеңестің төрайымы                  Побединская О.П.

                                               хатшысы                   Әбдешов К.Қ.


















Шешім:

1.№11 орта   мектебінің директоры  Бердимбетова Гульбахира Камалқызының   

   Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі  «қанағаттанарлық» деп есептелсін.

2.Шешімнің орындалуын бақылау Қамқоршылық кеңес төрайымы 

    Побединская Ольга Петровнаға жүктелсін.