Қамқоршылық кеңес » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№11 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-54-71
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-54-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес
29
мамыр
2018

Қамқоршылық кеңес

 №11 орта мектебіндегі  Қамқоршылық кеңестіңкезектен тыс отырысының

№1 хаттамасының көшірмесі 30.01.2018 жыл. 

 

 

Қатысқандар: Қамқоршылық кеңестің мүшелері 

 

 

КҮН ТӘРТІБІ: 

 

1. Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен хатшысын сайлау  туралы 

         2. 2018 жылға арналған Қамқоршылық кеңестің жоспарын бекіту туралы 

3. Қамқоршылық кеңес мүшелерінің өкілеттілігін бекіту туралы. 

 

         Отырысты ата-аналар комитетінің төрайымы Побединская Ольга Петровна ашып, отырысқа қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.       

 

Бірінші мәселе бойынша  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына сәйкес №11 орта мектебінде Қамқоршылық  кеңесі құрылды. 

Қамқоршылық кеңес төмендегі құрамда бекітілді: 

   1.Байназарова Эльмира Тливбердиевна 

   2.Сейтенова Ақерке Батырбекқызы 

   3.Зайнуллина Альфия Рафаиловна 

   4.Морхат Наталья Васильевна 

   5.Побединская Ольга Петровна 

   6.Сагимбаева Жанар Нағашыбайқызы 

   7.Әбдешов Көптілеу Қостанаевич 

   8.Бижанова Күлпәш Кыдырбаевна 

   9.Алтаев Бақтыбек Жумабаевич 

   10.Құдайбергенова Гүлнар Еленовна 

   11.Рысбаев Нүркен Қайратұлы 

Бірауыздан Қамқоршылық кеңестің төрайымы болып Байназарова Эльмира Тливбердиевна, хатшысы болып Әбдешов Көптілеу Қостанаевич сайланды. 

Екінші мәселе бойынша 2018 жылға арналған Қамқоршылық кеңестің жоспары таныстырылып, бекітілді. 

Үшінші мәселе бойынша  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары негізіне сүйене отырып, 3 - тарау. «Қамқоршылық кеңестің өкілеттігі» Қамқоршылық кеңестің мүшелеріне таныстырылды: 

1.Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілердің құқықтарының сақталуына, сонымен қатар білім беру мекемелерінің шотына түсетін қайырымдылық көмектің жұмсалуына қоғамдық бақылауды жүзеге асырады; 

2.Білім беру ұйымының жарғысына өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді; 

3.Білім беру ұйымын дамытудың басым бағыттары бойынша ұсынымдарды әзірлейді; 

4.Қазақстандық азаматтардың отбасына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелері жөнінде шалаларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлейді; 

5.Қайырымдылық көмек түрінде білім беру ұйымдарына түскен қаржыны бөлуге қатысады және оның мақсатты жұмсалуы туралы шешім қабылдайды; 

6.Білім беру ұйымының бюджетін қалыптастыру барысында ұсыныстарды әзірлейді; 

7.Тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім саласындағы жергілікті атқарушы органына Қамқоршылық кеңестің білім беру ұйымының жұмысында анықтаған кемшіліктерді жою туралы ұсыныстар енгізеді; 

8.Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымының қызметі туралы, оның ішінде білім беру қызметін ұсыну сапасы, қайырымдылық көмектің жұмсалуы және қазақстандық азаматтардың отбасыларына жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселесі жөнінде шараларды қабылдау туралы есебін тыңдайды; 

9.Білім беру ұйымы қызметінің мәселелері бойынша конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысады; 

10.Білім беру ұйымының қызметімен, білім беру ұйымындағы білім алушыларға және тәрбиеленушілерге жасалған жағдайлармен танысады, білім беру ұйымының психологын қатыстыра отырып, олармен әңгімелеседі. Қамқоршылық кеңес мүшелеріне таныстырылып, барлық мүшелері бір бағытта жұмыс атқаратындығы айтылды    .
 <!-- [if !supportLineBreakNewLine] -->
 <!-- [endif] --> 

 

 

 

 

Қамқоршылық кеңестің төрайымы                  Байназарова Э.Т. 

                                  хатшысы                   Әбдешов К.Қ. 

Похожие публикации:

22 мамыр 2017 Мектеп жарғысы