Қамқоршылық кеңес отырысы
№11 орта мектебіндегі Қамқоршылық кеңестің отырысының
№ 2 хаттамасының көшірмесі 16.05.2018 ж.
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңестің мүшелері
КҮН ТӘРТІБІ:
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Мектеп инспекторының қамқоршылық кеңесте есеп беруі.
Отырысты Қамқоршылық кеңестің төрайымы Байназарова Эльмира Тливбердиевна ашып, Қамқоршылық кеңес мүшелерін күн тәртібінде қаралатын мәселемен таныстырды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша №11 орта мектебінің инспекторы Рысбаев Нүркен Қайратұлы сөз сөйледі. Ол өз сөзінде жұмыс уақытының 08:00-ден басталатындығын және күнделікті мектеп ауласын тексеріп, сабаққа кешігіп келген білім алушылармен жұмыс жүргізетіндігін айтып өтті. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш.Валиуллинамен бірлесе жұмыс жүргізе отырып, білім алушылардың сабаққа кешікпей келуін, сабаққа толық қатысуын және тәртібін қадағалайтындығын айтты. Сонымен қатар, жасөсөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты әңгімелер жүргізгендігін атап көрсетті. Мектеп инспекторларының жұмысының негізгі мақсаты – білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігіне тоқталды.
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Байназарова Э.Т.
Хатшысы Ибрагимова Ж.Т.