19
қазан
2020
Латын әліпбиіне көшу-заман талабы
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың " Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында " Латын әліпбиіне көшу-заман талабы" тақырыбында 8-9 - сынып білім алушылары арасында онлайн түрінде диктант жазылды. Білім алушыларға Латын әліпбиіне көшу-заман талабы,ұлт болашағы , қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, XXI ғасырдағы ғылым және білім беру процесінің озық үлгілеріне қол жеткізуді ұғындыру , білім алушылардың латын қарпімен жазу дағдыларын қалыптастыру көзделді. Елбасының" Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасында таяу жылдағы міндеттердің бірі- Латын әліпбиіне көшу болып табылады . "Латынға көшудің-терең логикасы бар.Бұл- қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ , XXI ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты " деген Елбасы Н.Ә.Назарбаев " Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар" бағдарламасында. Осыған орай#11 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері қоғам дамуының заманауи талаптарына лайық болу үшін білім алушыларға латын әліпбиінің маңызын түсіндіріп, латын қарпімен жазу дағдыларын қалыптастыруда.






