09
маусым
2021
"Денсаулық - басты байлық!"
Дана халқымыз "Денсаулық - басты байлық!"- деп бекер айтпаған.
Бүгін біздің мектеп үшін маңызды күн болды. №11 орта мектебінің ұжымы вакцинаны ұжымдық түрде қабылдады. Вакцинацияны ұйымдастыруда ерекше қамқорлық танытқан №8 қалалық емдеу мекемесінің бас дәрігері Ахмеджанов Данияр Даулетбекұлына, сондай-ақ медбике Бейшенова Айнура Мұзуратбекқызына, фельдшер Абдикаримов Жұмабек Алдабергенұлына алғыс айтамыз.
Алдын ала қан қысымын өлшеу, тиісті құжаттар рәсімі мен қойылатын бірнеше сұрақтардан кейін вакцинаның өзі көп уақытты алмады. Барлығы жоғары деңгейде өтті.
Денсаулық – біздің басты байлығымыз екенін біз жақсы түсінеміз. Сол себептен, біз барлығын вакцинациялауға шақырамыз.


