Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің №11 орта мектебінің ата-аналарының назарына!
2021-2022 оқу жылының аяқталуына байланысты ешқандай қаржы (соңғы қоңырауға, мұғалімдерге сыйлық алуға, кабинет жөндеу жұмыстарына т.б) жиналмау керектігі туралы ескертемін. Соңғы қоңырау салтанатты жиынында мектеп түлектері бірыңғай мектеп формасын кию міндетті. Қоштасу кеші жасалмайды. Аттестат беру рәсімі мектеп қабырғасында өткізіледі. Мектебіміздің ұстаздары өздерінің қызметтері үшін айлық жалақысын алып отыр және қаражат жинауға тыйым салынатыны туралы арнайы бұйрық шығарылып, ұжымға ескертілген. Аталған жағдайлар туралы білсеңіз, мектеп директоры Г.К.Бердимбетоваға байланыс нөмірі 8 702 682 5131, 52-54-71 хабарласуыңызды сұранамын.