№11 орта мектебінің 25.11.2021 жылы Қамқоршылық кеңесі отырысының №1 хаттамасының көшірмесі » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№11 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-54-71
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-54-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №11 орта мектебінің 25.11.2021 жылы Қамқоршылық кеңесі отырысының №1 хаттамасының көшірмесі
26
қараша
2021

№11 орта мектебінің 25.11.2021 жылы Қамқоршылық кеңесі отырысының №1 хаттамасының көшірмесі

№11 орта мектебінің 25.11.2021 жылы Қамқоршылық кеңесі

 отырысының №1 хаттамасының көшірмесі

Қатысқандар: 
 Қамқоршылық кеңестің мүшелері – 11
 Мектепішілік Қамқоршылық кеңестің төрайымы Побединская О.П.
 Қамқоршылық кеңес мүшелері: 
    1.Толыбаева Эльвира Мұсабековна  1- сынып
    2.Узаханова Ақжан Өмірзақызы 2- сынып
    3.Сыздыкова Турсункуль Хамзаевна 3- сынып
    4.Белова Анжелика Вячеславовна 4- сынып
    5.Түкібаева Жанат Аманжолқызы 5- сынып 

  6.Морхат Наталья Васильевна 6 - сынып

  7.Айтуова Мөлдір 7- сынып
   8.Бакирова Фатима Ахметовна 9- сынып

  9.Кочербаева Зульфия 10- сынып

 10.Джунусова Фарида Тургунбековна 11- сынып 

Қатыспағандар: 4
 КҮН ТӘРТІБІ:
 1. «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің  №11 орта мектебі» КММ директоры  Бердимбетова  Гульбахира Камалқызының  Қамқоршылық  кеңес  алдындағы есебі.    

    Отырысты Қамқоршылық кеңес төрайымы Побединская Ольга Петровна ашып, отырысқа қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын мәселемен таныстырды.  

     Бірінші мәселе бойынша № 11 орта мектебінің директоры Бердимбетова Гульбахира Камалқызының Қамқоршылық кеңес алдында есеп берді.

Мақсаты:   мектептегі оқу-тәрбие жұмысын оңтайлы жүргізу мақсатында ата-анамен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және 2021 оқу жылының алғашқы үш айында атқарылған іс-шаралар туралы  есеп беру.

      Тәуелсіз елдің негізгі тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.Мемлекет болашағының кепілі-жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың ұлы ақыны   Абай Құнанбайұлы: «Адамның адамшылдығы –ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»,- деген. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу.

           № 11 орта мектебінің  I-тоқсандағы   білім сапасы 1-4 сыныптар %, 5-9 сыныптар 53.4%, 10-11 сыныптар 62% көрсетті. Барлығы:63,5%

  Мектепте 977 оқушы тәрбиеленіп білім алуда.


Кесте № 1

Мерзімі

сын-тар

1 – 4

сын-р

5 - 9

сын-р

10-11

сын-р


1 -11

сын-р

05.09.2021 ж

44

393/188

503/240

94/51

990/479

1 - тоқсан

45

385/187

500/236

92/51

977/474

Өсу,кему         

динамикасы

+1

-8/-1

-3/-4

-2/

-13/-5


Оқу жылының басымен  1 – тоқсан қорытындысын салыстыра келе, мектеп алды даярлық сыныбы 1 оқушыға артқан, 1-4 сыныптарда -8/-1 оқушығакеміген, ал 5 – 9 сыныптарда -3/-4оқушыға  кеміген, 10 – 11 сыныптарда  -2/ оқушыға кеміген. 1 – тоқсан соңында оқушы контингенті -13/-5 оқушыға кеміген.

Олардың ішінде 187-і көп балалы отбасының балалары ,сонымен қатар, толық емес отбасы 220 болса, оның

         - тек анасымен бірге тұратын оқушылар 198,

         - тек әкесімен бірге тұратын оқушылар 23

   4 бала қамқоршылықта (қорғаншылықта),10 күннен астам сабаққа келмеген оқушы – жоқ. Мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасы 107 болса, оның 322 –і мектепте ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілуде.

              2021-2022 оқу жылында 15 жас маман мектеп ұжымына қосылды.

 Білім алушыларды жаңартылған мазмұнда оқытудағы басты мақсаты - алынған білім мен дағдыларын кез келген жағдайда, өмірлік практикада қолдана алуы. Мектепте осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мен жүргізу жолында мектеп педагогтарының еңбегі зор. Қазіргі таңда ұстаздардың жалпы саны -101 , жоғары білімді –99 , орта арнаулы  - 2, педагог-шебер – 1, педагог-зерттеуші – 31,  педагог-сарапшы – 15, педагог-модератор -14, жоғарғы санатты – 8, бірінші санатты –7, екінші санатты – 7, санаты жоқтар – 19. 

         2019 жылдың қаңтар  айының 11 жұлдызында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің №29 бұйрығына сәйкес №11 орта мектебінде «Қамқоршылық кеңесі» құрылды.

Қамқоршылық кенестің міндеттері:

-білім жүйесінде оқыту мен тәрбие үдерісінде практикалық көмек көрсету;

-оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында біріккен жұмыста жайлы жағдай жасау;

-оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық және рухани қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;

-оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын жақсартуды қамтамасыз ету;

-материалды-техникалық қамтамасыз етуді нығайту;

Қамқоршылық кеңесі өз қалауымен, тең құқылы, заңды, ашықтықта еркіндік ұғымымен жұмыс істейді.

     Ережеге сәйкес мектептің қамқоршылық кеңесінің 15 мүшелері ұсынылды. Қазіргі таңда қамқоршылық кеңестің есеп шоты ашылмаған, жұмыстар жүргізілуде.          2021-2022 оқу жылында №11 орта мектебінде 977 оқушы білім алуда.  Жалпы мектеп бойынша 50 сынып комплектісі бар. 

    Соңғы уақытта төмендегі жұмыстар іске асырылып жатыр:

2019-2020 оқу жылына 17млн. 947000 мың  қаражат бөлініп, оның ішінде 4 млн. 704.000 мың әжетхананың жөндеу жұмыстарына, 4млн. 611.000 мың спорт алаңына, 6млн.632.000мың асфальт жолына,жазғы жөндеу жұмыстарына 350.000 мың тенге іске асырылды.

  • 2020 - 2021 жаңа оқу  жылына даярлануға қаражат бөлініп,   154.000 мыңға бояу, хлордезин ұнтақ 150.000 мыңға, водоэмульсия 78.000 мыңға, еденге арналған құрал  120.000 мыңға, щетка ақтауға 11.000 мыңға , тазалауға арналған құрал 6000 тенгеге, ұнтақ 36.000 тенгеге, 12л. пласмасс шелектер,  сыпыртқы 10.000 тенгеге. Барлығы: 700000 мың.
  •  Арнаулы киім 100.000 тенгеге, спорттық инвентарь 39.000 тенгеге  берілді. 

    Келесі кезекте  осы жылдың яғни 2021 жылдың қазан айында басталған мектебіміздің спорт залының жөндеу жұмыстарымен таныстырды. 

Мекеменің атауы 


Жамбыл облысы Тараз қаласы 

№11 орта мектебі

Жөнделіп жатқан нысан

Спорт зал алаңының төбесіне профиль қағылып, қабырғаларына сылақ жағылып жатыр.

Мердігер


«Строй Обьект» ЖШС

Жұмыстың басталуы


19.10.2021жыл

Жұмыстың аяқталуы (келісім шартқа сәйкес)


30.11.2021 жыл

Тапсырыс беруші

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі


Жұмыстың жалпы сметалық құны


8 606 295,04 теңге

Жөндеу жұмыстарының жүргізілу барысы (27.10.2021ж)


1.1 Қосымша мектебіміздің директоры Бердимбетова  Гульбахира Камалқызы №11 орта мектебінің білім алушыларының, ұстаздарының әр түрлі жарыстарда, конкурустардан алып келген жүлделерін таныстырды.


Қамқоршылық кеңестің төрайымы                        Побединская О.П

      Хатшы                                                                         Махаева А.А