Қамқоршылық кеңес алдындағы инспектордың есебі 03.04.2019ж.
Қамқоршылық кеңес алдындағы инспектордың есебі
03.04.2019ж.
Мен Тараз каласы ПБ 2-ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ қатардағы полицейі Кейкиманов Думан Маратұлы. Аталған № 11 аралас орта мектебінде 01.12.2018 жылдан қазіргі уақытқа дейін жұмыс атқарып келемін.
№11 аралас орта мектебінің орналасқан жері Тараз қаласы Ақылбекова к-і №1. Оку орнында контингент бойынша 976 оқушы окиды, олардың ішінде 360 - көп балалы отбасының балалары, 173 жағдайы төмен отбасы, толыққанды отбасы саны.Сонымен қатар, толық емес отбасы 94 болса, 7 бала қамқоршылықта (қорғаншылықта),
Осы мектепте кәмелетке толмағандар ісі бойынша – 4 оқушы есепке алынды.Атап айтқанда
1. Новиковский Сергей Андреевич 2003 жылы туылған 9 В сынып оқушысы
ҚР ҚК 188 бабы бойынша жауапка тартылды.
2. Кочуров Антон Сергеевич 2003 ж.т. 9 В сынып окушысы
ҚР ҚК 188 бабы бойынша жауапка тартылды.
3. Гилифанов Артем Викторович 2004 ж.т. 9 В сынып оқушысы
ҚР ҚК 188 бабы бойынша жауапка тартылды.
4. Магамадов Даим Адымович 2003ж.т. 9 В сынып оқушысы
ҚР ҚК 188 бабы бойынша жауапка тартылды.
Қазіргі таңда аталған қылмыстық іс ҚР ҚПК 35 бабы 1 тармағы 12 тармақшасымен яғни «екі жақты келісімі» бойынша қысқартылған.
№11 мектеп психологтарымен бірге жоғарыда аталған есепте тұрған кәмелетке толмаған балаларға, әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық құқық бұзушылыққа қарсы профилактикалық іс шаралар жүргізілуде, дәрістер оқылуда және әңгімелесулер жүргізілуде.
Кәмелетке толмаған балалардың құқық бұзушылық орын алған уақытын қарасаңыздар, сабақ уақытысында құқық бұзушылық орын алған жоқ. Мектеп инспекторының және мектеп мұғалімдерінен бөлек кеткен уақытта яғни, мектеп ауласынан тыс және сабақ уақытында емес.
Кәмілетке толмаған балалар арасында әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылармен өзара іс-қимылды нығайту мақсатында №11 орта мектебінде әртүрлі тақырыпта дәрістер оқылды. Әкімшілік, қылмыстық және қылмыстық процестік кодекстерінің өзгертулері мен толықтырулары қосымша түрде түсіндірілді.
Қазіргі танда мектеп оқушыларымен жиі профилактикалық жұмыстар жүргізіліп отыр . Жасыратыны жоқ әкімшілік құқық бұзушылықты көбінесе жағдайы төмен отбасылар арасында болып отыр. Кәмелетке толмаған балаларға материалдық жағдайдың төмендігі, ата-аналардың балаларына көңілді аз немесе мүлдем аудармауы балаға психологиялық тұрғыда әсер етуде. Бұл жағдай Тараз қалалық 2 ПБ құқық бұзушылықтарды сараптағаннан көрініп отыр.
Қоғамдық тәртіп және кәмелетке толмаған жасөспірімдердің құқық бұзушылық жасамауының алдын алу, осыған байланысты профилактикалық жұмыстар жүргізіліп тұруын қадағалау әрдайым, Тараз қаласы ПБ 2-ПБ басшылығының бақылауында.
Жоғарыда айтылғандарды қортындылай келе балалар біздің болашағымыз, Қазақстанның қорғаушылары. Осыған орай ата-аналар мен мектеп инспекторы тығыз байланыста жұмыс істеу керек екенін ескерткім келеді. Кейбір оқушылар сабақ уақыты біткен соң, ата-аналардың қарауынсыз қалып жатады сондықтан балаларыңызды бақылауда ұстаңыздар.
Баяндама аяқталды,
Назар салып тындағандарыңызға рахмет!
Анықтама-баяндама дайындаған:
Тараз қ. ПБ 2-ПБ
ЖПҚБ ЮПТ УПИ
Қатардағы полицейі Кейкиманов Д. М.
