Ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы бұйрық » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№11 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-54-71
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-54-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы бұйрық
27
желтоқсан
2018

Ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы бұйрық

«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта мектебі» КММ



Тараз қаласы                                     Бұйрық №                        01 қыркүйек 2018 жыл


  « Ыстық тамақпен қамтамасыз ету  туралы » 


             Казақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 31 – бап, 2 – тармақ, 7  - тармақшасының орындалуы және оқушыларды ыстық және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында

Бұйырамын :    

  1.  Мектептегі   1 – 11 сынып оқушылары арасында ыстық және тегін ыстық тамақпен   

        қамту жұмысы ұйымдастырылсын.

  2. Мекеме қажеттілігіне байланысты және асханада тамақтану кезінде  оқушылар арасында тәртіпті сақтау мақсатында 1,2,3  және 4-сабақтан кейін (1-ауысым);  2,3,4 -  сабақтан кейін (2 - ауысым), үлкен қоңырау (үзіліс) кезінде төмендегі қызметкерлер   кезекшілік атқарсын:


рет №

Жауапты қызметкерлер

Кезекшілік мерзімі

1

Исакулова Р.К.

 1-ауысым

2

Нургалиева А.О

 2-ауысым


3. Кезекшілер тегін ыстық және ақылы ыстық тамақпен қамтамасыз ету кезінде:

      - өз кезекшілігі барысында тамақтануға келген оқушылардың есебін дұрыс жүргізсін,

     - кезекшілік соңында есеп беруге міндеттелсін.

4. Сынып жетекшілері міндетті:

    -  І және ІІ ауысым бойынша сынып оқушыларының тамақтануға  баруын бақылау және есебін жүргізуге;

   -    бастауыш сыныптары бойынша сынып оқушыларының  тамақтануға   баруын бақылау және есебін жүргізуге;

    -   олардың тізімін жасау және өзгеріс болған жағдайда хабарлап отыру.

5. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Валиуллина А.Ш. жалпы асханадағы тәртіпке және астың сапасын бақылауға жауапты:

      - оқушылардың жүріс-тұрысына;

      - қимылына, іс-әрекетіне;

      - қол жуатын жердегі тазалық тәртібіне;

      - кезекшілердің дайындығына (болмай қалған кезекшінің орнына кезекшілікті  ауыстырады).

6. Директордың  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Ш. Валиуллина:

    -    мектеп бойынша 1 -11 - сыныптар арасында тегін  ыстық тамақпен қамтылған сынып оқушыларының жинақы есебін жүргізсін;

    - осы жұмыстың қорытындысы бойынша директор жанындағы және жалпы  педагогикалық кеңестерде есеп даярласын.

7. Осы бұйрықтың орындалуы директордың құқық тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары А.Ш.Валиуллинаға  жүктелсін.




                           Мектеп директоры                             Г.К.Бердимбетова

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2018 Лагерь №198 бұйрық
22 мамыр 2017 Мектеп жарғысы