Қамқоршылық кеңес алдындағы есеп 25.09.2020ж. » СШ №11
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
"№11 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 52-54-71
Есепші бөлімі:
+7(726) 52-54-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңес алдындағы есеп 25.09.2020ж.
08
қазан
2020

Қамқоршылық кеңес алдындағы есеп 25.09.2020ж.




№11 орта   мектебінің директоры

Бердимбетова Гульбахира Камалқызының  25.09.2020ж.

Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі

Мақсаты:   мектептегі оқу-тәрбие жұмысын оңтайлы жүргізу мақсатында ата-анамен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және 2020-2021оқу жылында атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру.

          №11 орта мектебінде 2020-2021 оқу жылының басталу мерзімі 2020 жылдың 1 қыркүйек болып белгіленді. «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын  және каникул кезендерін айқындау туралы» Қазақстан  Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020жылғы 12 тамыз № 340 бұйрығымен 2020 – 2021 оқу жылы барысындағы каникул күндері белгіленді.

         Оқушыларға  жалпы білім беретін оқыту жағдайларына қойылатын санитарлық – эпидимиологиялық талаптар «Санитарлық ережелерін мен нормаларын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау   Министрінің 16 тамыз 2017 жылғы №611 бұйрығын, «Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде білім беру ұйымдарына оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020жылғы 13 тамызындағы №345 бұйрығына  сәйкес білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылуда.

         Тәуелсіз елдің негізгі тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.Мемлекет болашағының кепілі-жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың ұлы ақыны   Абай Құнанбайұлы: «Адамның адамшылдығы –ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады »,- деген. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу

         2020-2021 оқу жылында №11 орта мектебінде 999 оқушы білім алуда. Жалпы мектеп бойынша 50 сынып комплектісі бар. 2020-2021 оқу жылында

№ 11 орта мектебінің  жылдық  білім сапасы 1-4 сыныптар 70.4%, 5-9 сыныптар 59,1.3%, 10-11 сыныптар 63,1% көрсетті. 

Мектепте 999 оқушы тәрбиеленіп білім алуда олардың ішінде 77-і көп балалы отбасының балалары,

         Сонымен қатар, толық емес отбасы 221 болса, оның

         - тек анасымен бірге тұратын оқушылар 198,

         - тек әкесімен бірге тұратын оқушылар 23

7 бала қамқоршылықта (қорғаншылықта),

10 күннен астам сабаққа келмеген оқушы – жоқ

спорт секциялармен қамтылған – 51 оқушы 18 % - ды құраса,

үйірмелерге қатысатыны – 865 оқушы 92 % - ды құраса, 

Мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасы 194, оның ішінде 289 білім алушы  құрайды.

    2020-2021 оқу жылында 6 жас маман мектеп ұжымына қосылды.

 Білім алушыларды жаңартылған мазмұнда оқытудағы басты мақсаты - алынған білім мен дағдыларын кез келген жағдайда, өмірлік практикада қолдана алуы. Мектепте осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мен жүргізу жолында мектеп педагогтарының еңбегі зор. Қазіргі таңда ұстаздардың жалпы саны -98 , жоғары білімді –91 , орта арнаулы  - 7, жоғары   санатты -11 (11.2%),зерттеуші-30(13.2),   педагог-сарапшы – 6(6.1 %), педагог-модератор – 10(10.2%), санаты жоқ – 18, педагог сарапшы-16(16.3), педагог –модератор – 7 (7,1) .

        Жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында Қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру және ғылымға, өнерге, мәдениетке деген құштарлықтарын оята білу- мектепшілік үйірмелердің басты мақсаты. Мектебімізде осындай мақсатта, әр түрлі бағыттағы 22 үйірмелер онлайн режимінде  жұмыс жасайды.2020-2021оқу жылында саяхатшылар үйірмесі ашылды. Жалпы мектеп бойынша 999 бала үйірмемен қамтылған, оның ішінде  білім алушылар онлайн режимінде  мектепшілік үйірмеге қатысып, мәдениет, спорт, қолөнер және спорттық бағыттары бойынша жоғары жетістіктер көрсетіп, мектептің дамуына өз үлестерін қосуда. Осы оқушыларды облыс, республика көлемінде өтіп жатқан байқауларға қатыстыру барысында ата-аналар мен жетекшілерінің еңбегі зор.         

2020-2021 оқу жылындағы үйірме  жұмысының тақырыбы:

«Жеке тұлғаның ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы негізінде рухани- адамгершілік дамуын қалыптастыру»

Мақсаты:

Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас мәдениеті, ақпараттық мәдениеті, зерттей білетін дағдылары, іс-әрекет жасай білу, интеллектуалдық жұмыс істей білу мәдениеті дамыған тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

ü денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны    қалыптастыруға ықпал ететін тәрбие жүйесін құру және дамыту;

ü балаларды азаматтылыққа, отан сүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;

ü өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында  әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әркетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті  сезінуде   мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;

ü мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы  балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;

ü жеке тұлғаның өзін -өзі   іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары  жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен  өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту    бейімділігін қалыптастыру;

ü қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының  және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын   қалыптастыру;

Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек. Сыныптан тыс жұмыстардың негізі- үйірме жұмыстары болып табылады. Бір іспен, өнермен айналысу - біріккен бір топ адам,- деп саналады. Тәрбие жұмысы Білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен бекітілген ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасын, барлық білім беру ұйымдарында оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейту жөніндегі үлгілік кешенді жоспарды бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығын басшылыққа ала отырып, үйірме жұмыстары 2015-2016 оқу жылына арналған бағдарламасын   негізге ала отырып  жұмыс жасайды.

         Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие  мазмұнын қайта бағдарлау  даму заңдылығы болып табылады.Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен    рухани  жағынан қалыптасуы    барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.  

        Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты  мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам  көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті  болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие   мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос,  ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, білім алушы,  ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі,   көш басшы,  еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.    

Үйірме сағаттары мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу жүктемесіне байланысты мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, үйірме 

жетекшілері  тағайындалған:


   

Үйірменің атауы

Сыныбы

Сағат саны

Мұғалімнің аты-жөніЖалпы сағат саны

1

Ритмика

1 а

1

Джандарбекова Айткул Шамшиевна1

2

Ритмика

1 ә

1

Имамбекова Гулсим Тиштыкбековна1

3

Ритмика

1 б

1

Атамкулова Жанат1

4

Чудесный песок

1 в

2

Кебеева Малика2

5

Ритмика

1 г

1

Турдикулова Зумрат

6

Көркем жазу

1 а

1

Джандарбекова Айткул Шамшиевна1

7

Көркем жазу

1 ә

1

Имамбекова Гулсим Тиштыкбековна1

8

Көркем жазу

1 б

1

Атамкулова Жанат1

9

Чистописание

1 г

1

Турдикулова Зумрат1

10

Тіл дамыту

2 а

1

Рахимбаева Раушан Сахибекқызы1

11

Тіл дамыту

2 ә

1

Амантай Ләйла Қалиуллақызы 1

12

Тіл дамыту

2 б

1

Муратбекова Айгул Султанмахмудовна1

13

Логическая математика

2 в

1

Акчурина Алена Андреевна1

14

Логическая математика

2 г

1

Сыдығалы Дана Рашидовна1

15

Қызықты грамматика

3 а

1

Кененбаева Динара Турешовна1

16

Қызықты грамматика

3 ә

1

Жолдасбаева Турганкул Манабаевна1

17

Қызықты грамматика

3 б

1

Әділ Айдана Бақбергенқызы1

18

Зерттеу жобалау іс-әрекетінің негіздері

3 а

1

Кененбаева Динара Турешовна1

19

Зерттеу жобалау іс-әрекетінің негіздері

3 ә

1

Жолдасбаева Турганкул Манабаевна1

20

Зерттеу жобалау іс-әрекетінің негіздері

3 б

1

Әділ Айдана Бақбергенқызы1

21

Грамотей 

3 в

1

Галиахметова Сабина1

22

Грамотей

3 г

1

Камчатная Людмила Анатольевна1

23

Логическая математика

3 в

1

Галиахметова Сабина1

24

Логическая математика

3 г

1

Камчатная Людмила Анатольевна1

25

Шебер қолдар

4 а

Худайбергенова Гулжан Жумантаевна1

26

Шебер қолдар

4 ә

1

Махаева Айнур Абаевна1

27

Шебер қолдар

4 б

1

Нуралина Гулжан Хайруллаевна1

28

Қызықты грамматика

4 а

Худайбергенова Гулжан Жумантаевна1

29

Қызықты грамматика

4 ә

1

Махаева Айнур Абаевна1

30

Қызықты грамматика

4 б

1

Нуралина Гулжан Хайруллаевна1

31

Занимательная грамматика

4 в

1

Акчурина Алена Андреевна1

32

Занимательная грамматика

4 г

1

Сыдығалы Дана Рашидовна1

33

Жас шахматшы

5 а,ә

2

Маханов Мақсат Еркинбекович2

34

Жас велосипедші

5 б

1

Есалиев Байганин Рахметович1

35

Юный шахматист

5 в,г

2

Маханов Мақсат Еркинбекович2

36

SMART SARBAZ

6 а,ә,б

3

Айтбаев Ержан Жумаевич3

37

Футбол 

6 в,г

2

Миронов Александр Владимирович2

38

Жас саяхатшылар

7 а,ә,б

3

Тоқназаров Данияр3

39

Саяхатшылар клубы

8 а,ә,б

1,5

Ахметова Венера1,5

40

Вокал 

8 а,ә,б

1,5

Алиев Марат Ибрагимович1,5

41

Экономика және бизнес

9 а,ә,б

3

Нуртаева Динара Акимхановна3

42

Абайтану 

9 в,г

2

Қилыбаева Майра Көпеновна2

-

Барлығы: 22

1-9 сыныптар

54


54


Мектебімізде белсенді жұмыс атқарып жүрген үйірмелердің бірі «Саяхатшылар клубы», «Юнный шахматист» және  «Вокал» үйірмелері

         2020-2021 оқу жылында мектеп білім алушылары мектеп жетістіктеріне өз үлестерін қосып, мәртебесін асқақтатты. Жыл сайын өткізілетін ғылыми жобалар байқауы мектептің мәртебесін көтерудегі басты көрсеткіш болып табылады. Балаларды тек ізденпаздық пен ғылымға ғана баулып қоймай, мектеп түлектерінің мемлекеттік грант иегері атануға да мүмкіншілік беретін жобалар байқауында оқушыларымыз осы оқу жылында жақсы нәтиже көрсетті.

Оқу жылындағы білім алушылардың  үйірмелерге қатысу көрсеткіштері


Оқу жылы

Білім алушылар контингенті

Мектепішілік үйірмелермен қамтылған білім алушылар саны

Мектептен тыс үйірмелермен қамтылған білім алушылар саны

Жалпы қамтылуы

2017-2018

965

18

435

20

270

705-73%

2018-2019

988

24

675-68%

22

266-28%

941-95%

2019-2020

985

24

607-62%

38

785-87%

958-97%


 Мектеп білім алушыларының жетістіктері 

Білім алушылардың байқауларда иеленген жүлделі орындары

Оқу жылы

Халықаралық

Республикалық

Облыстық

Қалалық

Бар

лығы

Бж

І

ІІ

ІІІ

Бж

І

ІІ

ІІІ

Бж

І

ІІ

ІІІ

Бж

І

ІІ

ІІІ

2017-2018






2

1



15

6

6

1

6

12

5

54

2018

2019



9


1

10

12

5



4

5

1

8

5

1

61

2019-2020



1


5

13

17

19


1

2

13


1

2

3

76    


       2020 жылдың қыркүйек  айының 11 жұлдызында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің №29 бұйрығына сәйкес №11 орта мектебінде «Қамқоршылық кеңесіне» өзгерістер енгізілген.

Қамқоршылық кенестің міндеттері:

-білім жүйесінде оқыту мен тәрбие үдерісінде практикалық көмек көрсету;

-оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында біріккен жұмыста жайлы жағдай жасау;

-оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық және рухани қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;

-оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын жақсартуды қамтамасыз ету;

-материалды-техникалық қамтамасыз етуді нығайту;

Қамқоршылық кеңесі өз қалауымен, тең құқылы, заңды, ашықтықта еркіндік ұғымымен жұмыс істейді.

Ережеге сәйкес мектептің қамқоршылық кеңесінің 15 мүшелері ұсынылды. Қазіргі таңда қамқоршылық кеңестің есеп шоты ашылған, жұмыстар жүргізілуде.

-білім бөлімінен бөлінген қаражат: әжетханаларды жөндеу жұмысына – 4 159 620,00 теңге, ТОО «АртСтройГарант»;

-мектеп ауласын асфальттау жұмыстарына – 5 968 800,00 теңге, ТОО «КемалханСтройЭлит»;

-мектеп ауласындағы спорттық алаңға – 5 600 000,00 теңге, ТОО «МарсСтрой»;

-кеңсе тауарларына – 671 000 теңге;

-жаздық демалыс экскурсияға (лагерь, 22 бала) – 42 000 теңге; 

-2020-2021 оқу жылына барлық аз қамтылған білім алушыларға қыстық бас киім қыздарға  140 дана – 200 500 теңге, ұлдарға арналған бас киім 149 дана – 189 000 теңге. Қыздарға мектеп формасы  140 дана – 1 335 000 теңге. Ұл балаларға арналған мектеп формасы  149 дана – 1 223 000 теңге. Қыздарға арналған қыстық күртеше  140 дана -  688 000 теңге (қазан айына жоспарланған). Ұл балаларға арналған қыстық күртеше  149 дана – 732 000 теңге. Қыздарға арналған ақ жейде 140 дана – 312 000 теңге. Ұл балаларға арналған ақ жейде  149 дана – 333 000 теңге. Ұлдарға арналған етік  149 дана – 658 000 теңге. Қыздарға арналған етік  140 дана – 789 000 теңге. Қыздарға арналған сөмке  140 дана – 442 000 теңге. Ұлдарға арналған сөмке  149 дана – 467 000 теңге. 

-2020-2021 жаңа оқу  жылына даярлануға 350 000 қаражат бөлініп, жұмысшыларға  65 литр еріткіш, 5 қап ұнтақ, 25 дана валик, щетка 25 дана, кішкентайы 20 дана, бояу шеткасы 10 дана, ақ  краска 185 кг., қоңыр   краска 70 кг, жасыл краска  30 кг,  берілді;

  -    Білім бөлімінен бөлінетін қаражат есебінен  жаңа оқу жылына 100кг         

     хлор берілді .                                       

-Жылу жүйелері тексеріліп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп, кей жерлері ауыстырылды. 

-Сынып бөлмелері және коридорлар ақталып,  сырлау жұмыстары жүргізілді.

-Акт залы ақталып, сырланып, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

-Ауланы тазартып, бұтақтары кесіліп, мектеп дарбазалары сырланды, сарайларда жөндеу жұмыстары жүргізілді.

-Көтерілетін баспалдақтар сырланды.

-Спортзалдың іші мен киім ауыстыратын бөлмелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

-Бірінші қабаттың босаған кафельдері қайтадан клейленіп, жөндеуден өткізілді.

«Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар:  ең әуелі-ниет керек, одан соң-күш керек, одан соң-тәртіп керек»- деп Мұхтар Әуезов айтқандай мектепте жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу күн тәртібінен түспейтін мәселе. «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны» іске асыру мақсатында мектеп оқушылары арасында жастардың діни сауаттылығын көтеру, қоғамда орын алып отырған діни ағымдар мен бағыттардың ара жігін ажыратып, экстремизмнің алдын алуға бағытталған «Жастар арасында діни экстремизм мен діни ағымдардың қоғамға келтіретін зардаптары», «Дін және оның бағыттары», «Экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Діндегі радикалды бағыттар және олардың қаупі» тақырыбында кездесулер, «дөңгелек үстел» отырыстары өткізілді. Дін істері басқармасының дін проблемаларын зерттеу орталығы тарапынан ұсынылған «Өмірзая» фильмдері мен «Қауырт желі-114», «Қауырт желі 51-50-20», «Такфіршілдік», «Экстремизм мен терроризмге жол жоқ», «Ата-баба дәстүрін ұмытпа», «Әке мен бала» тақырыптарына бейнероликтер көрсетілді.

Рухани жаңғыру аясында 2020-2021 оқу жылында кітапханамызда біраз өзгерістер еңгізілді .Замануи техника мен ғаламтор үстемдік құрған бүгінгі қоғамда кітап оқу мәдениетін жаңғыртып,жаңдандыру мақсатында «Оқу табысқа апарар жол» мобильдік оқу залының ашылуы салтанатты түрде өтті. Нәтижесінде оқырмандар жобаның қырсырымен танысып,барлық кітап сүйер қауымның көңілдерінен шықты.

        Айлық бойынша «Болашақ» әдістемелік тәрбие орталығының отырысында жоспар құрылып,бекітілді.Жолда жүру ережесін және балалар арасындағы жол-көлік жарақатының алдын алуға байланысты әңгімелер, сынып сағаттары өткізілді. Жол қауіпсіздігіне   байланысты мектеп кітапханасында, бастауыш мектебіндегі «Ғазиз Байтасов» бұрышында «Жас жүргінші», «Қауіпсіз жол» тақырыптарында бұрыштар ұйымдастырылды. 1-4 сыныптарда сынып оқушыларының арасында қол шеберлерінің онлайн режимінде көрмесі ұйымдастырылды. 

          1-4 сыныптар бойынша (425 оқушы) «Бағдаршам» атты тәрбие сағаттары, 5-6 сыныптар бойынша (165 оқушы) «Назар аударыңыз бағдаршам!», «Азбуку дорожную знать каждому положено» атты онлайн режимінде сынып сағаттары,7-8 сыныптарда «Жол белгілері бізге не дейді?» атты қимылды қозғалыстар өз дәрежесінде болып өтті.Айлыққа байланысты «Назар аударыңыз, бағдаршам!» атты бейне роликтер 5 сыныптар  шығарды.Балалардың жол қозғалысында жарақаттанудың алдын алу мақсатында сурет салудан онлайн виртуалды көрмені сурет пәнінің мұғалімі Г. Жулсаитова ұйымдастырды.(30 оқушы)

«Ғазиз Байтасов» отрядының жас жол инспекторларының ұйымдастыруымен «Жол ережесін білейік , аман-есен жүрейік» атты челлендж ұйымдастырылды.

Жоспар бойынша ай сайын тәрбие сағаттары болып тұрады. Мектепішілік транспорттық алаңда жол ережесін қалыптастыру барысында,сынып жетекшілері үшін жолда жүру ережесін үйрету онлайн конференциялары болып   тұрады.

Қыркүйек айында жол транспорты жарақатының алдын-алу және жолда жүру ережесін сақтау айлығында сынып жетекшілері оқушыларды көшеде өзін дұрыс ұстауға дағдыландырады,жолда жүру ережесін сақтау бағытында іс-шаралар онлайн режимінде (тақырыптық ойындар, викториналар, жарыстар, суреттер көрмесі) өткізеді.          

      1 «А» сыныбында,сынып жетекшісі А.Ш.Джандарбекова «Назар аударыңыз, бағдаршам!» атты ашық сынып сағатын өткізді, оған 18 оқушы қатысты.. 1 «В» сыныбында,сынып жетекшісі Н.М.Скрипичникова  «Мой друг-сфетофор» атты саяхат сабағы болып өтті.(20 оқушы) 1-8 сынып оқушыларының онлайн режимінде тәрбие сағаттары жоғары  Сонымен қатар, біздің мектепте келесі мәселелер туындауда:

1.Қамқоршылық кеңестің қорынан өз еріктерімен қаржы салынбайды.

2.Ата-аналар қауымдастығы әлі де болса мектептен бірлескен жұмыс жүргізбейді.

3.Әлеуметтік желілерде ата-аналардың өз іс-тәжірибелерімен бөлісу белсенділігі артты.

Осы аталған мәселелерді бірлесе отырып шешуіміз керек.

Бүгін біз, жарқын болашағымыз – балаларымыз үшін барша ата-аналар қауымын күш біріктіруге шақырамыз. Біздің әрқайсымыздың басты тілегіміз– балаларымыздың бақытты балалық шағы, лайықты білім алуы, тәрбиелі де саналы болып өсуі қажет.