№11 орта мектебіндегі 19.05.2021 жылы Қамқоршылық кеңесі онлайн отырысы
№11 орта мектебіндегі 19.05.2021 жылы Қамқоршылық кеңесі онлайн отырысының № 3 хаттамасының көшірмесі
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері – 12
Сыныптың ата-аналар комитеттерінің төрайымдары - 22
Мектепшілік Қамқоршылық кеңестің төрайымы Побединская О.П.
Қамқоршылық кеңес мүшелері:
- Қалалық білім бөлімінің әдіскері – Шеримова Г.Ж.
- Әлеуметтік әріптестер өкілі – Қалмағанбетова Ж.Қ.
- Жұмашева Эльмира Танжарбаевна – 1 сынып
- Сыздыкова Турсункуль Хамзаевна – 2 сынып
- Белова Анжелика Вячеславовна – 3 сынып
- Абраева Мөлдір Канатовна – 4 сынып
- Зайнуллина Альфия Рафаиловна – 5 сынып
- Вязева Екатерина Владимировна – 6 сынып
- Побединская Ольга Петровна – 7 сынып
- Бакирова Фатима Ахметовна – 8 сынып
- Бижанова Кулпаш Кдырбаева - 10 сынып
- Дарибаева Маржанкул Казиевна – 11 сынып
Қатыспағандар:
Күн тәртібі:
- «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №11 орта мектебі» КММ директоры Бердимбетова Г.К. Қамқоршылық кеңес алдындағы қашықтықтан беретін есебі.
- 2020-2021 оқу жылында қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында білім алушыларды ақпараттық құрылғылармен (компьютер, нетбук, планшет, моноблок, роутер) қамтамасыз ету.
Отырысты Қамқоршылық кеңес төрайымы Побединская Ольга Петровна қашықтықтан ашып, отырысқа қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын міселемен таныстырды.
Бірінші мәселе бойынша №11 орта мектебінің директоры
Бердимбетова Гульбахира Камалқызының 19.05.2021ж. Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі
Мақсаты: мектептегі оқу-тәрбие жұмысын оңтайлы жүргізу мақсатында ата-анамен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және 2020-2021 оқу жылында атқарылған іс-шаралар туралы қашықтықтан есеп беру.
2021 жылдың 1 сәуірден бастап №11 орта мектебі оффлайн және онлайн түрінде оқыту бастады. Мұғалімдер мен оқушылар , ата-аналармен кері байланыс «Күнделік» жүйесі, электрондық почта, өзге де сайттар арқылы жүзеге асырылуда. Оқушылар өздігінен жұмыс жасау тәжірибесін игеруде.
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды. Мемлекет болашағының кепілі-жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы: «Адамның адамшылдығы –ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады »,- деген.
№ 11 орта мектебінің жылдық білім сапасы 1-4 сыныптар 69,5%, 5-9 сыныптар 53.4%, 10-11 сыныптар 62% көрсетті. Барлығы:63,5%
Мектепте 984 оқушы тәрбиеленіп білім алуда олардың ішінде 197-і көп балалы отбасының балалары ,сонымен қатар, толық емес отбасы 220 болса, оның
- тек анасымен бірге тұратын оқушылар 198,
- тек әкесімен бірге тұратын оқушылар 23
7 бала қамқоршылықта (қорғаншылықта),10 күннен астам сабаққа келмеген оқушы – жоқ спорт секциялармен қамтылған – 206 оқушы 21 % - ды құраса,үйірмелерге қатысатыны – 892 оқушы 98% - ды құраса,
Мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасы 107 болса, оның 321 білім алушы мектепте ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілуде.
2020-2021 оқу жылында 15жас маман мектеп ұжымында жұмыс жасауда.
Білім алушыларды жаңартылған мазмұнда оқытудағы басты мақсаты - алынған білім мен дағдыларын кез келген жағдайда, өмірлік практикада қолдана алуы. Мектепте осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мен жүргізу жолында мектеп педагогтарының еңбегі зор. Қазіргі таңда ұстаздардың жалпы саны -96 , жоғары білімді –90 , орта арнаулы - 6, жоғары санатты -10 (10,4%), бірінші санатты – 6 (6,2%), екінші санатты – 9 (9,3%), санаты жоқ – 12, мадератор -11, сарапшы-15, зерттеуші-33. Педагогтардың сапалық құрамы 87,05%
Жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында Қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру және ғылымға, өнерге, мәдениетке деген құштарлықтарын оята білу- мектепшілік үйірмелердің басты мақсаты. Мектебімізде осындай мақсатта, әр түрлі бағыттағы 24 үйірме жұмыс жасайды. Жалпы мектеп бойынша 892 бала үйірмемен қамтылған. Үйірмеге қатысып, мәдениет, спорт, қолөнер және спорттық бағыттары бойынша жоғары жетістіктер көрсетіп, мектептің дамуына өз үлестерін қосуда. Осы оқушыларды облыс, республика көлемінде өтіп жатқан байқауларғажыл бойы қашықтықтан қатыстыру барысында ата-аналар мен сынып жетекшілерінің еңбегі зор.
2020-2021 оқу жылындағы үйірме жұмысының тақырыбы:
«Жеке тұлғаның ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы негізінде рухани- адамгершілік дамуын қалыптастыру»
Мақсаты:
Бәсекеге қабілетті, өзін-өзі басқара білетін, қарым-қатынас мәдениеті, ақпараттық мәдениеті, зерттей білетін дағдылары, іс-әрекет жасай білу, интеллектуалдық жұмыс істей білу мәдениеті дамыған тұлға тәрбиелеу.
Міндеттері:
- денсаулығы зор, рухани дүниесі бай, адамгершілікті, тәуелсіз жеке тұлғаны қалыптастыруға ықпал етеін тәрбие жүйесін құру және дамыту;
- балаларды азаматтылыққа, отансүйгіштікке, зиялылыққа, адам құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттік рәміздер мен ұлттық дәстүрлерді сыйлауға тәрбиелеу;
- өзінің және қоғамның, болашақ ұрпақ алдында әлеуметтік, табиғи және мәдени ортадағы өз іс-әркетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде мәдени ортадағы өз іс-әрекетінің нәтижесі үшін жауапкершілікті сезінуде гуманистік дүниетанымды қалыптастыру;
- мемлекеттік тілді және басқа тілдерді үйрену арқылы балалар мен жастардың әлем және ұлттық мәдениетті игерулеріне, Қазақстан халықтарының дәстүрлері мен мәдениетін зерттеуіне және қабылдауына жағдай жасау;
- жеке тұлғаның өзін -өзі іс жүзінде көрсетуі мен ары қарай дамуына ықпал етуде білім беру ұйымдары жағдайында жастар мен балалардың танымдық қызығушылығын, олардың шығармашылық қабілеттерін, жалпы білімге икемділігін, өзін- өзі тану мен өздігінен білім алу дағдыларын, әлеуметтенуін барынша дамыту бейімділігін қалыптастыру;
- қазіргі заманғы қоғамдық өмірге және тиімді кәсіби іс-әрекет пен жеке басының және әлеуметтік кәсіби тұрғыда үздіксіз пісіп жетілуіне қажетті маңызды тұлғалық және кәсіби сапаларын қалыптастыру;
Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Адамның өмір бойы білім алуы үшін жағдай туғызуымыз керек. Сыныптан тыс жұмыстардың негізі- үйірме жұмыстары болып табылады. Бір іспен, өнермен айналысу - біріккен бір топ адам,- деп саналады. ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы №873 қаулысын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығын басшылыққа ала отырып, үйірме жұмыстары жұмыс жасайды.
Білім берудің жаңа моделіне өту жағдайында және тәрбиенің білім беру үдерісіндегі рөлінің өсуіне байланысты тәрбие мазмұнын қайта бағдарлау даму заңдылығы болып табылады.Қазір білім беру үдерісінде жеке тұлғаның рухани-адамгершілік дамуына үлкен мән беріліп отыруына орай, адамгершілікке тәрбиелеу мен рухани жағынан қалыптасуы барлық тәрбие үдерісінің өзегі болып отыр.
Тәрбиенің мазмұны оның мақсаттары мен міндеттері арқылы анықталады және ол қоғамдық дамудың бағыты мен мазмұнына заңды тұрғыда тәуелді болады. Сонымен бірге, тәрбиеге әлеуметтік-рөлдік көзқарас тұрғысында адам көптеген әлеуметтік жүйенің компоненті болып саналады: отбасы, ұжым, кәсіби топ, этнос, қоғам және т.б. Сондықтан, тәрбие мазмұны құндылық қарым-қатынас жүйесімен: өзіне, өзінің отбасына, мектепке, қоршаған ортаға, Отанына, Жер әлеміне, сондай-ақ, әлеуметтік рөл жүйесімен де сәйкестенеді: адам, дос, ұл (қыз), құқық қорғаушы, аға (қарындас) патриот, немере (немере қыз), азамат, туыс, қорғаушы, білім алушы, ұлттық мәдениетті қорғаушы және жасаушы, ұжым, топ мүшесі, көш басшы, еңбекші, иегер, әлем азаматы, қалалық (ауылдық), бейбітшілік орнықтырушы, көрші, эколог, бірлестіктің, топтың, этнос мүшесі.
Үйірме сағаттары мемлекеттік стандартқа сәйкес оқу жүктемесіне байланысты мектеп директорының бұйрығымен бекітіліп, үйірме жетекшілері тағайындалған:
2020-2021 оқу жылында мектеп білім алушылары мектеп жетістіктеріне өз үлестерін қосып, мәртебесін асқақтатты. Жыл сайын өткізілетін ғылыми жобалар байқауы мектептің мәртебесін көтерудегі басты көрсеткіш болып табылады. Балаларды тек ізденпаздық пен ғылымға ғана баулып қоймай, мектеп түлектерінің мемлекеттік грант иегері атануға да мүмкіншілік беретін жобалар байқауында оқушыларымыз осы оқу жылында жақсы нәтиже көрсетті. Барлық орын саны: 499, Қалалық бойынша орын саны – 21, Облыс бойынша – 12 орын, Республика бойынша орын саны - 411, Халықаралық байқау бойынша – 53 жүлделі орын.
Оқу жылы | Халықаралық | Республикалық | Облыстық | Қалалық | |||||||||||
I | II | III | I | II | III | Бас жүлде | Үздік | Алғыс хат | I | II | III | I | II | III | |
2020-2021 | 29 | 13 | 11 | 170 | 151 | 66 | 11 | 10 | 3 | 7 | 3 | 2 | 9 | 6 | 6 |
Барлығы | 53 | 411 | 12 | 21 | |||||||||||
Жалпы жүлде саны - 499 |
№11 орта мектеп мұғалімдерінің 2020-2021 оқу жылында жеткен жетістіктері
Оқу жылы | Халықаралық | Республикалық | Облыстық | Қалалық | ||||||||||
I | II | III | I | II | III | Бас жүлде | Алғыс хат | I | II | III | I | II | III | |
2020-2021 | 4 | 4 | 6 | 98 | 66 | 45 | 9 | 1 | 1 | 2 | 2 | 1 | 3 | 1 |
Барлығы | 14 | 219 | 5 | 5 | ||||||||||
Жалпы жүлде саны - 243 |
Сонымен қатар, қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында білім алшулар қажетті ақпараттық құралдармен соның ішінде, компьютер, нетбук, планшет, моноблок, роутермен (Интернет) қамтылды. Атап айтқанда, 33 білім алушы мектеп компьютерімен, 110 білім алушы Нетбукпен, 24 білім алушы Планшетпен, 10 білім алушы Моноблокпен, 131 білім алушы Роутермен қамтамасыз етілді.
№ | Компьютер | Моноблок | Планшет | Нетбук | Роутер |
Саны | 33 | 10 | 24 | 110 | 131 |
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Побединская О.П.
Хатшысы Абраева А.А.
Шешім:
- №11 орта мектебінің директоры Г.К.Бердимбетованың ата-аналар комитеті мен Қамқоршылық кеңес алдындағы қашықтықтан берген есебі «Қанағаттанарлық» деп есептелсін.
- Қамқоршылық кеңестің жүмысы 2021-2022 оқу жылында жандандырылсын.
- Қамқоршылық кеңестің есепшотына мектеп қажеттілігіне байланысты заң аясында қаражат түсіру жолдары қарастырылсын.





