№11 орта мектебінің 23.05.2022 жылы Қамқоршылық кеңесі отырысының №4 хаттамасының көшірмесі
№11 орта мектебінің 23.05.2022 жылы Қамқоршылық кеңесі
отырысының №4 хаттамасының көшірмесі
Қатысқандар:
Қамқоршылық кеңестің мүшелері –
Сыныптың ата-аналар комитеттерінің төрайымдары -15
Мектепішілік Қамқоршылық кеңестің төрайымы Побединская О.П.
Қамқоршылық кеңес мүшелері:
1. «Жамбыл облысы әкімі аппаратының мамандырылған базасы»
Смаилова Толқын Осербаевана
2.№11 орта мектеп инспекторы Қадыров Фурхат Бахтиорұлы
3.Тараз қаласы әкімдігі білім бөлімінің әдіскері Алиева Горчак Гусейновна
4.Жеке кәсіпкер Мусабекова Асель Есенгелдиевна
5.Толыбаева Эльвира Мұсабековна 1- сынып
6.Узаханова Ақжан Өмірзақызы 2- сынып
7.Сыздыкова Турсункуль Хамзаевна 3- сынып
8.Белова Анжелика Вячеславовна 4- сынып
9.Түкібаева Жанат Аманжолқызы 5- сынып
10.Морхат Наталья Васильевна 6 - сынып
11.Айтуова Мөлдір 7- сынып
12.Побединская Ольга Петровна 8- сынып
13.Бакирова Фатима Ахметовна 9- сынып
14.Кочербаева Зульфия 10- сынып
15.Джунусова Фарида Тургунбековна 11- сынып
Қатыспағандар:
КҮН ТӘРТІБІ:
1. «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта мектебі»коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің директоры Бердимбетова Гульбахира Камалқызының Қамқоршылық кеңес алдындағы есебі.
Отырысты Қамқоршылық кеңес төрайымы Побединская Ольга Петровна ашып, отырысқа қатысушыларды күн тәртібінде қаралатын мәселемен таныстырды.
2. Мектебіміздің жетістіктері №11 орта мектебінің білім алушыларының жарыстарда алып келген жүлделерімен таныстырды.
Мақсаты: мектептегі оқу-тәрбие жұмысын оңтайлы жүргізу мақсатында ата-анамен ынтымақтастық қарым-қатынас орнату және 2021 оқу жылының алғашқы үш айында атқарылған іс-шаралар туралы есеп беру.
Тәуелсіз елдің негізгі тірегі-білімді ұрпақ. Қазіргі таңда білімдінің алға түсіп, бәйгеден озып келетін заманы енді туды.Мемлекет болашағының кепілі-жастарға білім мен тәрбие беру мәселесінен өткір мәселе жоқ екені белгілі. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы: «Адамның адамшылдығы –ақыл,ғылым,жақсы ата,жақсы ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан болады »,- деген. Қазақстан Республикасының білім беру реформаларының негізгі мақсаты- білім беру жүйесін жаңа экономикалық ортаға бейімдеу.
№ 11 орта мектебінің орта есеппен алғанда жылдық қортындысы 56,4% көрсетті.
Мектепте 969 оқушы тәрбиеленіп білім алуда.
Кесте № 1
Мерзімі | 0 сын-тар | 1 – 4 сын-р | 5 - 9 сын-р | 10-11 сын-р | 1 -11 сын-р |
05.09.2021 ж | 44 | 393/188 | 503/240 | 94/51 | 990/479 |
Жылдық | 45 | 377/183 | 503/239 | 89/49 | 969/471 |
Өсу,кему динамикасы | +1 | -16/-5 | -0/-1 | -5/-2 | -21/-8 |
Оқу жылының басымен IV – тоқсан қорытындысын салыстыра келе, мектеп алды даярлық сыныбы 1 оқушыға артқан, 1-4 сыныптарда -16/-5 оқушығакеміген, ал 5 – 9 сыныптарда -0/-1оқушыға кеміген, 10 – 11 сыныптарда -5/ -2 оқушыға кеміген. IV– тоқсан соңында оқушы контингенті -21/-8 оқушыға кеміген.
Олардың ішінде 187-і көп балалы отбасының балалары ,сонымен қатар, толық емес отбасы 220 болса, оның
- тек анасымен бірге тұратын оқушылар 198,
- тек әкесімен бірге тұратын оқушылар 23
4 бала қамқоршылықта (қорғаншылықта),10 күннен астам сабаққа келмеген оқушы – жоқ. Мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасы 107 болса, оның 322 –і мектепте ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілуде.
2021-2022 оқу жылында 15 жас маман мектеп ұжымына қосылды.
Білім алушыларды жаңартылған мазмұнда оқытудағы басты мақсаты - алынған білім мен дағдыларын кез келген жағдайда, өмірлік практикада қолдана алуы. Мектепте осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мен жүргізу жолында мектеп педагогтарының еңбегі зор. Қазіргі таңда ұстаздардың жалпы саны -99 , жоғары білімді –95 , орта арнаулы - 4, педагог-шебер – 1, педагог-зерттеуші – 30, педагог-сарапшы – 16, педагог-модератор -17, жоғарғы санатты – 6, бірінші санатты –6, екінші санатты – 6, санаты жоқтар – 17.
2019 жылдың қаңтар айының 11 жұлдызында Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің №29 бұйрығына сәйкес №11 орта мектебінде «Қамқоршылық кеңесі» құрылды.
Қамқоршылық кенестің міндеттері:
-білім жүйесінде оқыту мен тәрбие үдерісінде практикалық көмек көрсету;
-оқушылар, ата-аналар және мұғалімдер арасында біріккен жұмыста жайлы жағдай жасау;
-оқушылардың шығармашылық, интеллектуалдық және рухани қабілеттерін арттыруға жағдай жасау;
-оқу-тәрбие үрдісінің жұмысын жақсартуды қамтамасыз ету;
-материалды-техникалық қамтамасыз етуді нығайту;
Қамқоршылық кеңесі өз қалауымен, тең құқылы, заңды, ашықтықта еркіндік ұғымымен жұмыс істейді.
Ережеге сәйкес мектептің қамқоршылық кеңесінің 15 мүшелері ұсынылды. Қазіргі таңда қамқоршылық кеңестің есеп шоты ашылмаған, жұмыстар жүргізілуде. 2021-2022 оқу жылында №11 орта мектебінде 977 оқушы білім алуда. Жалпы мектеп бойынша 50 сынып комплектісі бар.
Соңғы уақытта төмендегі жұмыстар іске асырылып жатыр:
№ | Қамтылған заттар | Дана | Соммасы |
1 | Тіркеу журналы | 4 | 220т |
2 | Бұйрық кітабі | 4 | 270т |
3 | Көк валик тонымен | 10 | 4320т |
4 | Кіш көлемді валик тонымен | 20 | 12620т |
5 | Маляр. Қылқалам р/р 50 мм | 50 | 11100т |
6 | Кір сабын 72 пайыздық | 100 | 8900т |
7 | Ұнтақ 400гр | 80 | 21200т |
8 | Ақ бояу | 250 | 162400т |
9 | Қоңыр бояу | 100 | 64960т |
10 | Жасыл бояу | 50 | 32480т |
11 | Футбол доп | 5 | |
12 | Волейбол доп | 5 | |
13 | Баскетбол доп | 5 | |
14 | Тоғыз құмалақ | 3 | |
15 | секірмек | 1 | |
16 | Футбол торы | 1 | |
17 | Волейбол торы | 1 |
2022 «Жасыл желек» жобасы аясында мектептің оқушылары және ата – аналары мектеп маңына 50 түп тал отырғызды.
Бердібек Машбекұлы Сапрбаевтің бастамасымен «Жомарт түлек» жобасы мектебімізде жүргізілді. Әр айдың төрт аптасында төр түлектен қонаққа шақырылып онлайн және офлайн фарматта кездесу өткізілді. Алайда түлектерден ешқандай спонсорлық мектепке көмек көрсетілген жоқ.
2022 жылдың мамыр айында Әскери байқауға мектебіміздің ата-аналарының және сынып жетекшілердің қаржылай спонсорлық көмегі арқылы 18 әскери форма сатып алынды. Ағымдағы жылдың II-III тоқсан аралығында үлкен мектепте «Қайырымдылық жәшігі» тұрды. Білім басқармасының тапсырмасы бойынша ата-анасынан айрылған төрт балаларға үй алуына қаржылай көмек көрсетіп банктегі есеп шоттарына әр балаға 8000 теңгеден ақша берілді. Жалпы жиналған сомма 32000 теңге.
«ТҮЛЕК 2022 – Жаңа Қазақстанның ертеңі» атты Қазақстан Республикасының жалпы білім беру ұйымдарында Балалар жылына арналған мектеп бітіру кештерін өткізу бойынша ұсыныстар
Мектеп бітіру іс-шарасы - бұл кәсіби білім алу және ересектердің тәуелсіз өміріне көшу жолында 11 сынып түлегінің өміріндегі мектепшілік маңызды оқиға.
Мектеп бітіру іс-шараларының мақсаты – мектепдәстүрлерінің сабақтастығын сақтау, отансүйгіштік пен әлеуметтік жауапкершілікті, ұстаздарға, ата-аналарға, мектепшілік достарына алғыс сезімін, туған мектепке деген құрмет пен сүйіспеншілікті қалыптастыру.
Міндеттері:
- қазақстандық мектеп түлектерінің имиджін арттыру;
- «Алтын белгі» және ерекше үлгідегі аттестат иелерін марапаттау арқылы білімді ұлт идеясын насихаттау;
-болашақ мамандықты таңдау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмысын белсендіру;
- жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған түлектерге қолдау көрсету;
- мектеп бітіру іс-шараларын БАҚ-та ақпараттық қамтамасыз ету және ауқымды жариялау.
Мектеп бітіру іс-шаралары
-Соңғы қоңырау мерекесі – 2022 жылғы 25 мамыр;
-Аттестат берудің салтанатты шарасы – 2022 жылғы 16-17 маусым;
Мектеп бітіру іс-шаралары міндетті түрде мектеп қабырғасында өткізілуі тиіс.
Мектеп бітіру іс-шараларына қатысушылар:
Мектептің педагогикалық ұжымы, түлектер, түлектердің ата-аналары, педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңес мүшелері, облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, білім бөлімдерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері.
Мектеп бітіру іс-шаралары:
- мектеп бітіру іс-шараларын міндетті түрде мектеп қабырғасында және мектеп ауласында өткізіледі;
- әлеуметтік осал отбасылар мен балаларға көмек көрсету бойынша түлектердің«Балаларға мейірімді жүректен», «Туған елге тағзым» қайырымдылық бастамаларына,«Мектепке сый» ағаш отырғызу, «Кітап сыйла мектепке», «Алғашқы ұстазыма алғыс!» акцияларына қолдау көрсетіледі.
Педагогикалық этика және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында:
- мектеп бітіру іс-шараларына дайындық барысында әрбіртүлекке жеке көзқарас қағидаларын сақтау;
- мектептің қамқоршылық кеңесі түлектердің ата-аналарымен киім алуға шығындардың қажетсіздігі туралы түсіндіру жұмысын жүргізу.
Рұқсат етілмейді:
- іс-шара өткізуге аниматорлар, мерекелік агенттіктер, жеке студияларды тартуға;
- мектеп бітіру кешін сән-салтанатты өткізуге;
- салтанатты дастархан ұйымдастыруға;
- прокатқа машина алу арқылы қала ішінде экскурсия өткізу;
- әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерге сыйлықтарға ақшалай қаражат жинауға жол беруге;
- мектеп бітіру іс-шарасын мейрамханаларда, кафелерде және басқа көңіл көтеретін орындарда өткізуге.
№11 орта мектеп оқушыларының 2021-2022 оқу жылында жеткен жетістіктері
2021-2022 оқу жылына жалпы: 85 жүлделі орын.
- Халықаралық -38,
- Республикалық 18,
- Облыстық 14,
- Қалалық -15 жүлделі орындар бар.
Қамқоршылық кеңестің төрайымы Побединская О.П
Хатшы Махаева А.А
